Мазмұнға өту

Жаңа

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н. Джанталиев қала тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
150

Онлайн қабылдау өтті

Қабылдауда айтылған мәселелер мен ұсыныстарды былайша түйіндедім:

- Білім мекемелерін заманауи жаңа технологиялармен толық қамтамасыз ету;

- кейбір мектептердегі оқушыларды аудан орталықтарындағы шараларға жеткізу, яғни, көлік мәселесі;

- ауыл іргелеріндегі өзен , көлдің экологиялық жағдайы;

- мәдениет үйлері мен ауылдық амбулаториялық мекемелердің жағдайына көбірек көңіл бөлу т.б

Сонымен қатар, NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып өттім. Жоғарыда көтерілген мәселелер басты партияның басты назарынан қалмайтынын айтып өттім.

0
0
156

Үгіт-насихатшылар "Казтрансгазаймақ" қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді «Covid-19» вирусына байланысты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болдыОсы сын-қатерлі кезеңде Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында Маңғыстау ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 400-астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 918 мұқтаж адам 50 мың теңгеден алды.«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет…

0
0
179

Үміткерлердің ауыл тұрғындары мен кездесуі

#𝐄𝐤𝐬𝐩𝐫𝐨𝐦𝐭𝐊𝐞𝐳𝐝𝐞𝐬𝐲

Баршаңызға белгілі сайлау күні әне-міне дегенше жақындап келеді. Депутаттыққа үміткер кандидаттар бар күш-жігерін, білім-біліктіліктерін елге арнауға дайын екендіктерін көрсетіп бағуда. Көпшіліктің сенімінен шығу оңай шаруа емес, әйтсе де халықтың сенімін ақтау үшін барын салуда.

Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мусирбаев Самат, Иманбаев Айдос және Алдибеков Ардақ ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында кандидаттар партияның алға қойған басым бағытарын тілге тиек етіп, алдағы келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына үлкен үміт артып, дауыс беруге шақырды.

#Raimbek𝓝𝓾𝓻𝓞𝓽𝓪𝓷

0
0
145

Қабылдау өтті

Айтуынша, өзінің қалауымен информатика пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Қазір Аралтөбе орта мектебіне орналасып қызмет етіп жатыр. Болашақта осы ұстаздық жолда еңбек етсем дейді. Сол себепті осы ауылда тұрақтап қалуды көздейді. Сонымен қатар , үкіметтік бағдарламамен баспана алғысы келеді. Бұл мәселе өзі секілді жас мамандарға да қатысты дейді. Осы мәселе бойынша партиямыздан қолдау күтеді. Өзі де NurOtan партиясын қолдайтынын, елімізде болып жатқан оң өзгерістер мен тұрақтылыққа партияның үлесі зор екенін де жасырмады.

Елімізде жаңа өзгерістердің болатынына сенім білдірді.

0
0
120

Облыстық маслихатына партиялық тізіміне үміткер Оспанов Канат Рысбекович аудан тұрғындарын қабылдады

2020 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 аралығында "Nur Otan" партиясы Аягөз аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдауында "Nur Otan" партиясының облыстық маслихатына партиялық тізіміне үміткер Оспанов Канат Рысбекович аудан тұрғындарын қабылдады.

7
0
919

«Nur Otan»: Денсаулық сақтау сапасын күшейтеміз

Осыған орай бүгін қалалық маслихат депутаттығына үміткер Мақсат Абдукаримов «Сұңқар» медициналық мекемесінің ұжымымен кездесті. Онда, мекеме ұжымына бастауыш партияның алдағы 5 жылдық сайлау алды бағдарламасы таныстырылды. Кездесуде әсіресе денсаулық сақтау сапасын күшейту мәселесі кеңінен талқыланды. Айта кетейік, пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді. Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады. 2023 жылы шетелдік заманауи техник…

0
0
1432

Онлайн кездесу өтті.

«Сырым сарбарздары» қоғамдық ұйымының төрағасы Саргузиев Серік Дүйсекешұлының айтуы бойынша ауданда Семей сынақ полигонында азаматтық борышын өтеген 52 азамат болса, соның 12 - сі қазіргі таңда өтемақы алып отыр. Чернобыль АЭС-нан зардап шеккендер саны – 6. Онлайн кездесу барысында өтемақыны Семей сынақ полигонында болған барлық азаматтар да алса екен, және де аудандағы ауған паркі жаңартылса деп ұсыныс білдірді.

0
0
155

"Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

Жеке кәсіпкермен кездесу өтті. Кездесу барысында "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндіріліп, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Жеке кәсіпкерлерді алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
145