Мазмұнға өту

Жаңа

Үгіт жүргізуге шықты

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Дархан Закарин сенімді өкілдерімен бірге Меңдешев ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау туралы ақпараттар айтып, үнпарақтар таратты және "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
152

Штаб мүшелері басқосу жасады

Бүгін аудандық штаб мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен "Nur Otan" партиясы бағдарламаларының негізгі мақсаттарын талқылау үшін бас қосты. Штаб төрағасы Р.Саматов жыл соңында мемлекеттік бағдарламалар аясындағы ауқымды істер оң нәтижесін бергенін, жеке тұлғалардың бастамалары ескерусіз қалмағандығын айтып, келер жылдан да үмітті екендігін жеткізді. Кездесуге келген шағын және орта бизнес өкілдері "Nur Otan" партиясының сайлауда жеңіске жетуін тіледі және дауыс беретіндерін хабарлады. Мемлекет тарапынан демеушілік, қолдау алу аудан халқы үшін, соның ішінде жұмыссыз жастар үшін серпіліс, тың бастама екендіктерін жасырмады.

0
0
220

"ZOOM" платформасымен бас қосты

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенімді өкілдері "ZOOM" платформасында аудандағы белсенді арулармен бас қосты. Сайлауалды үгіт жүргізген өкілдер партияны қолдауға шақырды. Онлайн жүздесудің соңында ханымдар өз салаларында нәтижеге қол жеткізулері партияның ықпалы екендігін айта келіп, сайлауда "Nur Otan" партиясын таңдайтындықтарынан хабар берді.

0
0
196

"Nur Otan"-ды қолдауға шақырды

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттардың сенім білдірген өкілдері Мәстексай ауылына барып, тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт кезінде сайлаудың әділ өтетіндігін, сол үшін әр адам өз таңдауын жасау қажеттігін айтты. Кандидаттарды қолдау партияға дауыс берумен жүзеге асатындығын түсіндірді. Сонымен қоса "Nur Otan" партиясының атқарған істері мен алдағы 5 жыл төңірегінде жасалатын жоспарын тізбектеп, "Nur Otan"-ды қолдауға шақырды.

0
0
177

Үгіт жүргізді

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алихан Досмұхамбетов пен Алтынбек Ермекқалиев Қызылоба ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жолға шыққан партия өкілдері халыққа сайлау жөнінде мағлұмат беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кандидаттар ел үмітін ақтауға күш салатындықтарын айта келе, қаңтар айында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
200

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясының кандидаттары онлайн байланыста

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясының кандидаты "Қорғалжын" бастауыш партия ұжымымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Онлайн байланысқа шыққан қауым сұрақтарын қойып, партия жұмысына алғыс білдірді және жоспарларына ақ жол тіледі.

0
0
209

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясының кандидаттары "Сабынды", "Кеңбидайық" бастауыш партия ұйымдарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жиналған қауым кандидаттарға сұрақтарын қойып, партия жұмысына алғыс білдіріп, жоспарларына ақ жол тіледі.

0
0
204

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы бастауыш партия ұйымдарымен бірге

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясының кандидаттары бірнеше бастауыш партия ұйымдарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар: "Қорғалжын", "Сабынды", "Қызылсай", "Майшұқыр" ауылдары тұрғындарына партия бағдарламасының міндеттемелерін түсіндірп өтті.

0
0
202

Қорғалжын ауданында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Қорғалжын ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келген мәжіліс депутаттығына кандидат Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы өнер майталмандарымен кезікпей кетпеді. Кандидат "Дудар-ай" ансамбльінің солистерімен жолығып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын аша түсіндірді. Сонымен қатар шығармашылық топты мерейтойымен құттықтап, мәдениет пен өнер киелі Қорғалжын жерінің айнасы екенің айтты.

0
0
192

Жастар ел болашағы

ҚР Парламаменті Мәжілісіне кандидат Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" ЖҚ еріктілерімен, жастар тобымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Жастар партия бағдарламасына қатысты сұрақтар қойып, өзара пікірталасты.

0
0
175