Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңаөзен қала әкімі М.Ибағаровтың қала тұрғындарымен онлайн форматында кезекті жеке қабылдауы өтті

Жаңаөзен қала әкімі М.Ибағаровтың қала тұрғындарымен онлайн форматында кезекті жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға 20 адам жазылып, өздерінің өзекті мәселелерін айтты. Жеке қабылдауда жұмыссыздық, жылу, тұрғын үй мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша қала әкімі жауапты мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалысын бақылауға алды.

0
0
156

“NurOtan”-ға дауыс бер!

Nur Otan партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында 7 басымдықта жайлы қала бойынша азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты жақсартуды және арттыруды, таза су, экология және сапалы жолдарға қол жеткізу туралы айтылған . Кешенді жоспар шеңберінде тұрғын-үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына Ақтау қаласынан коммуналдық тұрғын үйлер бөлінеді , 2021 жылы – 150 пәтер сатып алуға каржы қарастырылған . Оған қоса әлеуметтік жағдайы төмен топтар үшін 2022-2023 жылдары «Рауан» шағын ауданында жалға берілетін 160 пәтер және қажетті қадырларды қаламызға тарту мәселесі бойынша 180 орындық жатақхана салу жоспарда қарастырылған.

Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз! “NurOtan”-ға дауыс бер!

0
0
130

2021-2025 жылдар аралығында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы

2021-2025 жылдар аралығында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында Жанаозен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешуге ерекше назар аударады. Соның ішінде тұрақты жұмыс орындарын құру . 5 жыл ішінде инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл үшін мұнай қалдығынан мазут топырағын тазалау жобасын, жаңа газ өңдеу зауытын, арматура цехын, шиналарды қайта өңдеу цехын құру жоспарланып отыр . Сонымен қатар өндірісте ғана емес әлеуметтік салада кадр тапшылығын шешу, кадрларды қайта даярлау, кадр тарту, жұмыссыз қала азаматтарын Ақтау қаласының туристік аймағын дамыту шеңберіндегі құрылыс жұмыстарына орналастыру көзделуде .

Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз! “NurOtan”-ға дауыс бер!

#NurOtan

0
0
118

"Есiктен есiкке" акциясы аясында мүжəлсiз отбасылар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар

"Есiктен есiкке" акциясы аясында мүжəлсiз отбасылар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратып жəне “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге шақырдық.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
105

"ӨзенМұнайГаз" АҚ қарасты Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының еңбек ұжымымен кездесу

Өзенмұнайгаз АҚ қарасты Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасында Қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Бауыржан Бердібайұлы Бауыржан және Орынбасар Сейдов "ӨзенМұнайГаз" АҚ қарасты Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.Депутаттыққа үміткерлер NUR OTAN партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, әр басым бағыт, соның ішінде әлеуметтік сала бойынша, Медицина және Мұғалімдердің алдағы уақытта жалақылары өсетіндігі туралы жұмыстар жөнінде айтып өтті. Онлайн шараға қала мен аудандардан кандидаттар, сенімді өкілдері өз өңірлеріндегі өзекті болып отырған мәселелерді тілге тиек етіп, партияның мүдделі шараларымен таныстырды.Жиында өндіріс саласының қызметкерлері тарапынан қаладағы жаңадан салынған жол сапасына бақылау жүргізу, тротуар салу, а…

0
0
154

Аға буынға қамқорлық таныту - әрдайым партиямыздың басты назарында

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Исаева мен Т. Болатбаева партияның “Есіктен есікке” акциясы аясында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Қаламыздың құрметті азаматы, журналист ардагер Асылбек Айдаровтың үйінен бастау алған акцияда сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары айтылып, алдағы өтетін сайлау науқанында дауыс беруге шақырды.

Партия ардагері партияның атқарып келе жатырған игі істерін, өлкетануды өрістету, төл руханиятымызды дамыту туралы да ортаға салған өрелі ойлары мен қаламыздың дамуына қатысты аманттар айтып, өзінің ақ батасын берді!

0
0
147