Елтай ауылындағы "Есіктен есікке акциясы"
Елтай ауылындағы "Есіктен есікке акциясы"
Елтай ауылындағы "Есіктен есікке акциясы"
Маңғыстау облыстық және қалалық депутаттыққа үміткерлерЕлубай Абилов,Берик Ахметов , Жайна Ізтұрғанова Yessenov University еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Әңгіме барысында олар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын белгілеп, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарлар мен міндеттері туралы айтып берді. Кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында жоғары оқу орын ұжымын сайлауға қатысып, Nur Otan- ға дауыс беруге шақырды!

NurOtan партиясы Маңғыстау облыстық штаб мүшелері үгіт-насихат жүргізу мақсатында Бейнеу аудандық «Бейнеу желілік өндірістік-диспетчерлік станция» ұжымымен, теміржолшылармен және аудандық КазТрансОйл мекемесі қызметкерлерімен кездесті.Алдағы уақытта облыстық партия мүшелері аталмыш аудан үшін арнайы жасақталған сайлауалды бағдарламасы негізінде жұмыстанатын болады. Ол үшін NurOtan партиясы келесідей ықпал етуді көздейді:- Заман талабына сай жаңа темір жол вокзалын салуға;- 2025 жылға дейін «Атырау-Ақтау», «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» автомобиль жолдары бойында кемінде 2 кемпинг, 5 тамақтану нүктелерін, жанар-жағар май құю бекетін ашуға;- «Енбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру арқылы жылына кемінде 80 қатысушыға гранттар беру арқылы тұрғындарды өзін-өзі жұ…
Бүгін сенімді өкілім Максат Табылганов халық арасында насихат жүргізіп,халықты сайлауға шақыру мақсатында кездесулер өткізді. Алда болатын сайлау науқанына тұрғындардың көзқарасы оң, бәрінен хабардар.
БІЗДІ ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН – ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ!
БІЗ БІРГЕМІЗ!
#nurotan #nurotanmangystau #nurotanaktau #bizbirgemiz
Берик Ахметов


Өткен жыл біздің университет үшін күрделі және жарқын оқиғаларға толы болды. Ковидпен бетпе-бет келіп, қашықтан оқытуға көшіп, Canvas жүйесін игердік. Спорт алаңдарын ашып, меморандумдар арқылы көп жаңа сапалы серіктестер таптық және де университетіміздің құрылымын қайта құрдық.
Ендеше, жаңа 2021 жыл жағымды эмоциялар әкелетін оқиғаларға, ұмытылмас сәттерге толы жыл болсын. Барлық үміттеріңізді, армандарыңызды ақтайтын берекелі жыл болсын деп тілеймін!
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір мен тыныштық, мол жақсылық тілеймін!
Жаңа жылдарыңызбен!
Берик Ахметов
«Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономиканы құру міндетін алға қояды.Жаңа жұмыс орындарын құрамыз.Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеу өнеркәсібініңжаңа кәсіпорындарын құру және жұмысшылар санының қысқаруын алдын алу үшін шаралар қолдану қажет.Бұл шаралар 2025 жылға қарай 30 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, оның ішінде 24 мың жұмыс орны, орташа жалақыны тұрақты түрде 274,5 мың теңгеден 302 мың теңгеге дейін арттыруға, жұмыссыздық деңгейін 4,9-дан 4,6%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.«Nur Otan» партиясы:➢ Қала аумағында 9 жаңа жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға қол жеткізеді, олар:• 2021 жылы дайын шыны пластик бұйымдарын өндіру, «Fiberglass Tank Production» (80 жұмы…
«Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрқайсысының орталықтандырылған сумен жабдықтауға, таза ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды.Бұл бағытта қаланы абаттандыруды дамыту тұжырымдамасы жалғасатын болады.Тұрмыс жағдайын жақсартамыз«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санайды.Біз 2025 жылға қарай кезекте тұрған отбасынөз баспанасымен қамтамасыз ету бойынша шараларды атқарамыз.Ол үшін біз міндеттер қоямыз:➢ 2021 жылы 19A және 33 шағын-аудандарда 655 пәтерден тұратын 6 көппәтерлі үйлердің құрылысын аяқтау және төрт 9 этаждық 18 шағын-аудандардаалты тұрғын үйдің құрылысын бастау;➢ 2022 жылы 19 шағын-ауд…
Барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, тұрғылықты жеріне қарамастан «Nur Otan» партиясының негізгі міндеті болып табылады.Партия халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты, практикалық жұмысты жалғастырады.Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырамызҚала үшін онкологиялық аурулар өзекті болып қалуда (өлім – жітім саны жылына 130 адам).Ана өлім-жітімін болдырмау және нәресте өлім-жітімінің көрсеткішін 1 мың туылғандарға шаққанда 7,8-ден 7 жағдайға дейін төмендету.Қаланың әрбір тұрғыны үшін сапалы денсаулық сақтауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Nur Otan» партиясы:➢ 2021 жылы Маңғыстау облыстық көп салалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жүргізуге;➢ 2021 жылға 100 орындық жаңа онкологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарын ая…
Жастар – біздің болашағымыз. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.Ақтау қаласында 38 мыңнан астам жастар өмір сүреді немесе халықтың жалпы санының 19,7% құрайды.Жастардың табысты қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайлар бар – білім алушылар саны жыл сайын өсіп келе жатқан колледждердің жеткілікті желісі.«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифттер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасу және білім беруг…