«Топар ауруханасы» және «Жол пайдалану учаскесі-42» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу
«Nur Otan» партиясының Абай облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер және сенімді өкілдері «Топар ауруханасы» және «Жол пайдалану учаскесі-42» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында партия мүшелеріне «Nur Otan» партиясының Абай ауданының 2021-2025 жылдарға арналған Сайлау бағдарламасында Топар ауылы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін қандай шаралар көзделгені түсіндірілді. 2025 жылға дейін Топар-Жартас тас жолының 12 шақырымын жөндеу жоспарланған. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін Топар ГРЭС-тен ластаушы заттар шығарындыларының көлемі азаяды, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылады.Кездесу соңында партия белсенділері сайлаушыларды 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.Кандидаты…