Мазмұнға өту

Жаңа

Партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды

Бүгін «Nur Otan» партиясы ЕҚФ офисінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мирхат Мұсанап, Михаил Цыбанев, Серік Сәдуақасов «Промсервис Отан» ЖШС Бастауыш партия ұйымы өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Диалог кезінде партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.

Бастауыш партия ұйымының өкілдері пандемияның қазіргі ахуалы, қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмысы, қаланың инфрақұрылымы туралы сұрақтар қойды.

«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
136

Партияластармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Вера Ким «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ бастауыш партия ұйымының өкілдерімен ZOOM-конференциясын өткізді.

Депутаттыққа үміткер «Nur Otan» партиясының қала және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, партияластардың сұрақтарына жауап берді.

Бастауыш партия ұйымының белсенділері зейнетақымен қамсыздандыру, халық тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің қымбаттауы, пандемияның қазігі ахуалы туралы сұрақтар қойды.

Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының баспасөз қызметі

0
0
160

Бүгін облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер

Ақтекше ауылының тұрғындарымен жүздесті. Жиын барысында партияның алдағы атқарылатын 5 жылдық жұмыс жоспары айтылды. Халықпен жүзбе-жүз кездескен үміткерлер олардың талап, тілектерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдады. Сонымен қатар сауалдарына да жауап берді. Кездесу соңында сайлаушыларды 10 қаңтар күні болатын сайлауда өз таңдауларын жасап дауыс беруге шақырды.

0
0
135

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту- басты назарда

Кездесу барысырда үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарын пысықтады.

- Абай ауданы облыс бойынша ауылшаруашылық саласы тұрақты дамыған өңір. Жыл сайынғы өнім көрсеткіші де артып келеді. Мемлекет тарапынан бөлініп отырған жеңілдетілген несие түрлері, субсидия мал шаруашылығын дамытуды жаңа арнаға қойып отыр. Асыл тұқымды мал саны артып, импортқа да шығарылып келеді. Аудан экономикасының тұрақты дамуы үшін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар санын арттырып, мал басын көбейту қажет, - деді кандидат.

Партяның алдағы жоспарына сәйкес, Абай ауданына тиісті қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында несиелік серіктестіктер санын арттыру қарастырылмақ.

0
0
151

артияның үгіт-насихат науқаны ауданда қарқынды жүргізілуде.

Бірқатарына тоқталып өтсек. Мәселен, аудан үшін жасайтын барлық жұмыстарын таныстыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сенімді өкілдері Талапты ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ауданда бүгінге дейін жасалған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға тоқталды. 5 жылда өзгеретін Көксу ауданы жайында айтты. Еліміздегі көшбасшы партияны қолдауға шақырды.Тұрғындардың сұрақтарын, ұсыныстарын тыңдады. Талапты ауылының тұрғындары партия ұсынған бағдарламада белгіленген, аудан дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдап, оң бағаларын берді.

0
0
144

Бүгін “Nur Otan” партиясы

облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ аясында Қабылиса ауылдық округіне қарасты Ақтекше және Көкбастау елді-мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланып, негізгі басымдықтары түсіндірілді. Сайлаушылар тарапынан қойылған сауалдар назарға алынып, нақты жауаптар берілді. Кездесу соңында үміткерлер “Nur Otan” партиясының бастамаларын бірігіп жүзеге асыру үшін дауыс беріп қолдауға шақырды.

0
0
134