Набережное ауылы тұрғындарынан сұрақтары
Бүгін үгіт-нәсихат жұмысы аясында "Nur Otan" партиясынан Павлодар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әсия Әбілғазинова, Ботагөз Ілиясова және Мәдина Джұмадиева Набережное ауылының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді.Кездесу модераторы Әсия Ноянқызы болды. Ол қатысушыларды таныстырып, партиялық сайлауалды бағдарламаның жеті басымдығы туралы айтып берді.- Партия бағдарламасы еліміздің барлық елді мекендерінің, соның ішінде Павлодар ауданы тұрғындарының аманаттар негізінде құрылды. Осы сайлау кезеңінде біздің партия әр аудан, қала, облыс бойынша 200 - ден астам бағдарлама құрып, бекітті, - деп хабарлады үміткер.Әсия Әбілғазинова "Әлеуметтік бағытталған аудан" тармағымен жеке таныстырды. "Экономикалық тұрақты аудан" жөнінде Ботагөз Ілиясова айтып," Жайлы аудан" жайында Мәдина Джұмади…