«Nur Otan»: Үржар ауданында 160 шақырымнан астам жол жөнделеді
«Nur Otan» партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы мен партияның Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Көлденең ауылдық округінің мәдениет үйінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесті.Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.- Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға, медициналық мекемелерді толыққанды технологиялық қайта жабдықтауға, медициналық персоналдың құзыретін арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер қажет. Ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету, шалғайдағы және жетуі қиын ауылдарда тұратын тұрғындар үшін дәрілердің қолжетімділігі мәселелер…