Өңір тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – «Nur Otan»-ның назарында
«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісі депутаттығына кандидат С.Өсербаев жəне Т.Рысқұлов аудандық мəслихаты депутаттығына кандидатта М.Мейманханов пен Б. Бабасов Құлан ауылының тұрғыны, денсаулық сақтау саласының ардагері Оразкүл Дәулетқұлованың шаңырағында болды.Канвассинг деп аталатын кездесу барысында кандидаттар кейуанаға «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған басымдықтармен таныстырды. Сондай-ақ кандидаттар денсаулық сақтау саласының ардагеріне партияның ықпалымен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудағы жоспарларымен де бөлісті.– Өзіңіз жақсы білесіз коронавирустық инфекция дүниежүзінің денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ болды. Сіздің әріптестеріңіз жергілікті ж…