Жер қойнауы – Қазақстанның меншігі және бұған ұқыптылықпен қарау қажет
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «Дұңға, «Қаражанбас», «Бозащы», «Қаламқас» кен орындарында, сондай-ақ Ақтау машина жасау зауытында болып, кәсіпорындардың өндірістік қызметімен танысты.Сапар барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдегі мұнай-газ жобаларының басшыларымен кездесулер өткізді.Министр жер қойнауын пайдаланушылардың басты міндеті – жер қойнауына ұқыпты қарау қажет екенін атап өтті.- Сіздер аукциондар арқылы жер учаскелерін шексіз уақытқа сатып алмайсыздар, белгілі бір мерзімге тек жер қойнауын пайдалану құқығын сатып аласыздар. Кен орнының байлығы сол немесе басқа компанияның кетуімен аяқталмауы тиіс, өндіру тұрғысынан саналы көзқарас қажет, деп атап өтті министр.Қазақстандағы м…



