Үгіт жұмыстары шеңберінде
Қазақстан Республикасы Парламентінің төмеңгі Палатасы және барлық мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай «Nur Otan» партиясы өткізіп жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Тахир Кадимов, Мейіржан Хаби «Канвассинг» шарасы бойынша Жәнібек ауылының тұрғыны, зейнеткер Ибрайым Сұлтановтың үйінде болып, отбасы мүшелерімен кездесіп қайтты.Еркін түрде өткізілген кездесу барысында жергілікті өкілді орган депутаттығына кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған мақсат-міндеттерді жіті түсіндіріп, ел экономикасын одан әрі дамыту арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.Өз ке…

