Мазмұнға өту

Жаңа

Әр елдімекенге әзірленген бағдарламамен танысты

Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назар­баевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ, қарапайым халықтың талап-тілектер…

0
0
135

Тәуелсіздік күніне орай фото – кітап көрмесі өтті

Кітап көрмесінде егеменді еліміздің қалыптасы мен дамуын баяндайтын кітаптар, Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында егеменді Қазақстанды қалыптастырған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қызметін жан-жақты ашатын кітаптар мен ғылыми еңбектер, қазақ хандығы тұсындағы тарихи кезеңдерден бастап, тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шықққан әдебиет туындылары қойылды.Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-…

0
0
157

Ақтау қалалық штаб мүшелерінің Yessenov University ұжымымен кездесуі

Маңғыстау облыстық және қалалық депутаттыққа үміткерлер Ахметов Берик, Әбдісадық Ғани, Ермек Нұрмағанбет және Сыражанов Ерген жиналғандарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ бағдарлама Ақтау қаласы мен жалпы өңірді дамытуға бағытталғанын да атап өтті. Сайлауалды штаб мүшелерінің айтуынша, бағдарламада облыс пен қаланың қарқынды дамуы үшін нақты шаралар ұсынылған

"Nur Otan " партиясы жыл сайын жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталған республикалық партиялық жобаларды іске асыруда. Осы ретте, жиынға қатысушылар студент жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттін іске асыру мақсатында қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қалалық штаб мүшелері бірлесе жұмыс жасап, пікір алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

0
0
114