Қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға қол жеткізеді
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Марина Лиморенко, Жанат Тоғайбекова, Насиба Атаева, Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев Қарнақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.Газдандыру жобасына байланысты Кентау қаласына қарасты Хантағы және Үшқайық ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған. 2025 жылға дейін Хантағы, Үшқайық, Қарнақ, Байылдыр, Жүйнек, Шаға, Оранғай, Қарашық, Ибата, Ойық,…