Халық бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды.Бүгін де Жаңаөзен қаласында 18-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:- Тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнер салаларын дамытуды;- Қасиетті және маңызды орындар бойынша өлкетану экспедицияларын, облыстың киелі жерлерін (Бекет Ата қорымы, Шопан ата, Теңге Әулие, Сисем ата, Қошқар ата және т.б.) абаттандыру жұмыстарын жүргізуді;- Ұлттық спорт түрлерін, дәстүрлі өнерді (соның ішінде айтысты) дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріпт…