Мазмұнға өту

Жаңа

"Тәуелсіздік бәрінен қымбат"

Бүгін жастармен кездесудің орайы келіп, ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын талқылап, жастармен ой бөлісіп, пікір алмастық.Қай кезеңде де қоғамдық өмірдің белсенді дамуына ықпал ететін қозғаушы күштің иесі жастар екендігі белгілі.Осы орайда алда болатын саяси науқанда да жастар өз ынта-жігерімен атсалысып, олардың еріктілік қызметінің куәсі болатынымызға сенімдімін. Депутаттыққа кандидат ретінде, өзімнің сайлауалды бағдарламама енгізілген жастар мәселесіне әр уақытта маңызды мәселе ретінде қарайтындығыма сендіремін!

0
0
145

Кезекті үгіт-насихат жұмыстары Қарақия ауданы Құрық ауылында жалғасуда...

Бүгін 06.01.2021 ж. менің сенімді өкілдерім Өтеген Өсер және Даутова Жазира есіктен есікке акциясы аясында Құрық ауылының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында "NUR OTAN" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

0
0
180

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда.

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ж.Жазықпаева қала тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
134

“Есіктен есікке акциясы”

Есіктен-есікке

Бүгін “Есіктен есікке акциясы” аясында Қарақия аудандық мәслихатына үміткер Базылбекова Айдананың сенімді өкілі Тайшаева Рысгүл Бостан ауыл тұрғындарына Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру жүргізді.

Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының жұмысына бағасын беріп партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
201

Ақкемер ауылындағы білім саласы өкілдерімен онлайн кездесу өтті.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Есенаманов Акимжан "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақкемер ауылындағы білім саласы өкілдерімен кездесті.

0
0
149