Қоғамдық қабылдау
Сайлау күні, 10-шы қаңтардың жақындауына байланысты азаматтарымыздың «Nur Otan» партиясының жүргізіп келе жатқан қоғамдық қабылдауларына деген қызығушылықтарының артқандығы байқалуда. Өйткені осындай форматта тұрғындарды қабылдау бізге тұрғындармен тікелей диалог жүргізуге, олардың проблемалары мен ұсыныстарын тыңдауға және шешімін бірге табуға мүмкіндік береді, кейбір мәселелермен қайда баруға кеңес беру және кейбір сұрақтар әр түрлі органдарға ресми жүгінуді талап етеді, сол себепті өтініштер жазылып алынып, тиісті органдарға жіберіледі - жауап өтініш берушіге міндетті түрде хабарланады. Осындай қоғамдық қабылдауды бүгін «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңсесінде мәслихат депутаттығына кандидат Ержан Абесинов өткізді. Он бір азаматымыз алдын ала қоғамдық қабылдауға жаз…