Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, аталған ауылдық округке қатысты жоспарланған жобалар талқыланды. Бағдарламада Қошанкөл ауылдық округіне қатысты «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» жолының 30 шақырым жолын орташа жөндеу және 34 шақырымын күрделі жөндеу, Ордабай ауылының ауыз сумен қамтамасыз етілуі, осы елді-мекенге қатысты 2024 жылға қарай медициналық пунктті, 2025 жылға дейін Қошанкөл ауылында балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігі көрсетілген. Сонымен қатар үміткерлер бағдарламада көрсетілген «Экономикалық тұрақты аудан» бағытындағы «Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Жайлы аудан» бағытында көрсетілген «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бес…