Мазмұнға өту

Жаңа

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы мәселеге баса назар аудардыҚасым-Жомарт Тоқаев мақаласында ел мен жерге деген махаббат тәлім-тәрбиеден басталатынын айтады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Яғни Президенттің айтуынша, мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада.«Елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс. Батыста Бозжыра мен Шерқала, күнгейде Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Қапал-Арасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыста Мұзтау мен Шыңғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары,…

0
0
175