Мазмұнға өту

Жаңа

"Казтрансгазаймақ" ұжымымен кездесті.

Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов "Казтрансгазаймақ" ұжымымен кездесті. Жиында партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырылып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндалды. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатындығын жеткізді.

0
0
132

"Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті.

Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес "Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова, Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов және штаб мүшелері Қ.Исаев, И.Серікбаев, Р.Дұрысбаев, Ж.Қуатбаева қатысып, партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндады. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтты.

0
0
124

«Есіктен есікке» акциясы

Бүгін түстен кейін үй аралап, сайлаушылармен кездестім. «Есіктен есікке» акциясы аясында «

Nur Otan

» партиясының сайлауалды бағдарламасын көпшілікке түсіндіріп, тұрғындардың ой-пікірін тыңдадым. Жалпы, халықтың партияға деген көзқарасы оң, бізге артар үміттері бар. Суреттегі екі тұрғын да өздерінің пікірін ашық жеткізді.

0
0
165

"Есіктен есікке" акциясын өткізді.

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат мен Төрекенов Бердімұрат Білімұлы сенімді өкілдерім Жаппасова Зоя Сайөтес ауылын араласа,Әліғұлова Ботагөз Шетпе кенті ауылын аралап"Nur otan"-партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында "Есіктен есікке" акциясын өткізді.Ал Қаражанбас кен орнындағы сенімді өкілім Салихов Сәбитпен кездесіп, сайлау алды бағыттағы бағдарламасы бойынша ақыл кеңес жүріп,кен орындағы әріптестерімізге 2021жылғы 10-шы қаңтарда өтетін партия сайлауына белсенділікпен қатысуға,үгіт насихаттау жұмыстары жүргізілді.

0
0
128