Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толды.
Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толды.Жамбыл тауы етегінде (қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданы) дүниеге келген. Еркін және тентек болып өскен ол қобыз бен домбыра тартуды анасы Ұлданнан үйренді. Тым ерте өзінің поэзияға деген қызығушылығын сезінді. Бала кезінен «Қобыланды», «Алпамыс» эпостарынан, қырғыздың «Манас» эпосынан, «Рүстем туралы аңыз», «Көроғлы» шығармаларынан үзінділер орындады.Айтысқа қатысқан Жамбыл жас кезінен, 16-17 жасынан кең танымал болды. Жас ақын өзінің суырып салма өнері арқылы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін қозғады, халықтың мұң-мұқтажын сөз етті, заңсыздықты сипаттады, бостандық үшін күресуге шақырды. Жамбылдың әндерінде, оның домбырасының үнінде қазақ халқының шынайы дауысы естіледі. «Я - зоркий сокол, я – напев моей страны», «я – ваш Жамбыл», - деп ха…