Мазмұнға өту

Жаңа

Nur Otan: Жол картасында тұрғындар тілегі ескерілген

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген, әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар құжат жобасы Nur Otan фракциясы отырысында пысықталған болатын.Облыстық, қалалық және 12 аудандық жол картасына 96 іс-шара енгізіліп, 70 нысаналы индикатор белгіленген. Оның ішінде Ақтөбе облысында жүзеге асатын ірі жобалар бар. Мәселен алдағы бес жылда облыс көлемінде "AltynEx Company" тау-кен металлургиялық комбинаты, "АҚТӨБЕ ЦЕМЕНТ" цемент өндіру зауыты, Қарғалы ауданында 48 мВт жел электр станциясы (екінші кезек), Мәртөк ауданында 2,8 мың бас ІҚМ арналған сүтті-тауарлы фермалар, Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады.- Праймериз және үгіт-насихатпен біз шалғай ауылдарға дейін барып, халықтың ұсыныс-тілектерін естіп, жинап қайттық. Соның барлығы сайлауалды бағд…

0
2
587

Фракция отырысы жөнінде "Жайық таңы" сайтына шыққан публикациясы

Фракция отырысында«Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қалияр Айтмұхамбетовтың қатысуымен депутаттық фракция отырысы өтті.Партия фракциясының екінші отырысындағы күн тәртібінде фракция мүшелері партияның «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, филиалдың саяси кеңесінің бюросына бекітуге жолдады.Отырыста аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында атқарылатын жұмыстар фракция мүшелеріне бөлініп берілді. Жиында сөз сөйлегендер жеті бөлімнен тұратын Жол картасының аудан дамуын ілгерілету бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруға күш салатындарын айтты.Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып ,шешім қабылданды.…

0
0
185

«Nur Otan» заңгерлермен, адвокаттар, медиаторлар, нотариустармен тегін консультациялар ұйымдастыруда

⠀«Nur Otan» заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастыруда. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің алаңында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастырылды. ⠀ Пандемия жағдайын ескере отырып, азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүзеге асырылады. ⠀ Заңгерлер – дүйсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Адвокаттар – сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Медиаторлар – сәрсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Нотариустар – жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін. ⠀ Консультацияға жазылу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу қаж…

0
0
198

Алматы қаласындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде болған су құбырының жарылуына байланысты

Алматы қаласындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде болған су құбырының жарылуына байланысты жағдайды анықтау үшін, 10 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы аталған тұрғын үй кешенінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде тапсырыс беруші қалалық әкімдіктің және мердігер «Базис-А» құрылыс компаниясының өкілдері болды. Ыстық судың құбыры жарылуына атмосфералық қысымының шектен тыс көбеюі себебші болғаны анықталды. Қазіргі уақытта мердігер компания бүкіл жөндеу жұмыстарының шығындарын толықтай мойынына алып, жөндеу жұмыстарын 13-ақпанға дейін аяқтаймыз деп отыр. Болашақта осындай жағдай қайталанбауы үшін, мердігер компания өз қаржы есебінен ыстық судың атмосфералық қысымын реттейтін құрылғыны ақпан айының 20-на дейін орнатуға уәде берді.

0
0
179