Саяси кеңес бюро отырысы өтті
Саяси кеңес бюро отырысы өтті.“Nur Otan" партиясының жетістігі - мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етті. Осы табыстарымызды одан әрі жалғастыру мақсатында "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды. 15 ақпан күні “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюро отырысы онлайн форматта өтті. Маңызды шараға “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етті. Өткізілген отырыстың күн тәртібінде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекіту және “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралып, бірау…