Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 543 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Бидайық селосы" БПҰ кезекті жиыны өтті

Бүгін "Бидайық селосы" Бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе боцынша «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылады. Ұйым басшысы тұғырнаманың негізгі аспектілеріне тоқталып өтті. Ұйым мүшелері Саяси тұғырнаманың жобасын қолдайтындарын жеткізді.

0
0
230

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі 6 қазанда өтеді

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV Съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды.

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.

#AMANAT

0
0
253

МӘМС-тегі өзгерістер түсіндірілді

«Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ Түр­кі­стан облыстық филиалының ди­­ректоры Асхат Бейсенбаев тұр­­ғындардың талап-тілегі бо­йын­ша кездесу өткізіп, МӘМС тө­лемдері мен оның көлемі, шет­елдіктерге қарастырылатын мүм­кіндіктер туралы айтты. Түркістан қа­ласының тұрғыны әрі Aqzere-TM емханасының медбикесі Ш.Файзуллаева маусымдық жұ­мыс істейтін қарапайым азама­т­тар МӘМС қызметін қалай пай­да­лана алатынын сұрады.«Жалдамалы әрі маусымдық жұ­­мыс істейтін тұрғындар да МӘМС жүйесін пайдалана ала­ды. Оның 2 түрлі бағыты бар. Ал­­­­ғаш­қысы – жұмыссыз ретінде тір­­келуі қажет. Ал қаржысы жет­се, бел­гілеген сомадағы жарнаны тө­­леуі тиіс. Егер алдын ала 3 ай­лық жарна төлесе, ол азамат сақ­тандыру жүйесіне қатысуға то­лық­тай құқылы», – деді филиал бас­шысы Асхат Асанұлы.А.Бейсенб…

0
0
324

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

«Мен бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым.

Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде.

0
0
237

«Сіз 30 жыл қайда болдыңыз...?»

15 қыркүйекте Алматыда «Қазақстанның ақпараттық егемендігі: тәуелсіздікке бастаған қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қатысқан сарапшылардың сөзінен үзінді:Дөңгелек үстелдің модераторы, «A+ analytics» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Фархад Қасенов өз сөзінде Украинадағы соғысты біржақты етіп көрсету, ресейлік БАҚ-тың бақылаусыз таратылып жатқандығы Қазақстанның ақпараттық саласының тәуелсіздігін қамтамасыз етуде күрделі мәселелер бар екендігін көрсетеді, деген пікір білдірді.Сонымен бірге, Философия, саясаттану және дінтану институтының Қазақстандағы ұлт құрылысының мәдени негіздеріне арналған үш жылдық зерттеуінің нәтижелеріне сүйене отырып, қазақ этносының таралуы біздің қоғамды бір күннің ішінде қазақтілді лингвистикалық кеңістікке ауыстырмайды. Сондықтан бұл да біздің о…

0
0
222

Озбырлықты, мизантропияны және милитаризмді насихаттауға берік тосқауыл қалай қоюға болады?

A+Analytics ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Фархад Қасеновтың «Қазақстанның ақпараттық егемендігі: тәуелсіздікке бастаған қадам» деп аталатын сарапшылардың дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінің тезистері (15 қыркүйек, 2022 жыл, Алматы, Қазақстан).«Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды. Бірақ өкінішке қарай, еліміздің ақпарат саласы осы тәуелсіздікті біз қалағандай сезінген жоқ. Оның ілгері жылжымағанын мойындауымыз керек.Бұған көптеген дәлелдер бар. Мысалы, 2019 жылдан бастап біздің орталық отандық және шетелдік, оның ішінде қазақстандық басқа да теледидардағы контенттің пайыздық үлесіне зерттеу жүргізіді. Нәтижесінде теріс дисбаланс (теңгерімсіздік) бар екенін байқады. Бұл көрсеткіш әлі күнге дейін сақталып келеді. Жойылған жоқ»."Қазақстандық ақпараттық өріс әлі де сыртқы факторға тым қа…

0
0
322

Екі тарапқа да тиімді ме немесе Қытай басшысы Қазақстанға не үшін келді ?

Дәстүр бойынша мұндай сапарлар өзара тиімді экономикалық, өндірістік келісімшарттар мен жобаларды жасауды көздейді. Оның өзі ұзақ дайындық жағдайында өтеді. Алайда, бұл халықаралық оқиғаға көптеген геосаяси және саяси жайттар себеп болды.Бұл сапар Украинадағы әскери қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның айналасын ғана емес, бүкіл әлемді тұрақсыздық жайлаған жағдайында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, осы кезде Қытайдың өзі экономикалық белгісіздіктің күрделі кезеңін бастан кешіріп жатыр. Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыстың кесірінен банкроттық пен жұмыссыздық сияқты көптеген келеңсіз жайттар орын алды. Мұндай жағдайға жол берген жеке құрылыс компаниялары мен орталық органдардың әрекетіне халық жаппай наразылық білдіріп жатыр. Осының барлығы қарсылық шараларының ар…

0
0
202

Жолдау өте ауқымды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың саяси реформалардан кейін экономикалық жаңғыртуды қамтыған биылғы Жолдауы әділетті қоғам құрудағы нақты қадам болды. Жолдау өте ауқымды дерлік барлық саланы қамтып, нақты мақсатты көрсеткіштермен айқындалған.Жолдауда қарастырылған бес бағдар: экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіп – бәрі күн тәртібінде тұрған, ел сұранысымен үндес мәселелер екендігі даусыз.Мемлекет басшысы саяси жаңғыру экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс екенін айтып өтті.Жолдауда Мемлекет – Азамат – Бизнес арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуге үлкен мән берілген. Мемлекеттің бизнесті қолдауы түптеп келгенде, бәріне бірдей тең мүмкіндіктер жасауға, бәсекелестікті нығайт…

0
0
421