15 қыркүйекте Алматыда «Қазақстанның ақпараттық егемендігі: тәуелсіздікке бастаған қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қатысқан сарапшылардың сөзінен үзінді:
Дөңгелек үстелдің модераторы, «A+ analytics» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Фархад Қасенов өз сөзінде Украинадағы соғысты біржақты етіп көрсету, ресейлік БАҚ-тың бақылаусыз таратылып жатқандығы Қазақстанның ақпараттық саласының тәуелсіздігін қамтамасыз етуде күрделі мәселелер бар екендігін көрсетеді, деген пікір білдірді.
Сонымен бірге, Философия, саясаттану және дінтану институтының Қазақстандағы ұлт құрылысының мәдени негіздеріне арналған үш жылдық зерттеуінің нәтижелеріне сүйене отырып, қазақ этносының таралуы біздің қоғамды бір күннің ішінде қазақтілді лингвистикалық кеңістікке ауыстырмайды. Сондықтан бұл да біздің осы саладағы түйіткіл жайттарды шешіп бере алмайды. Яғни, осы саладағы барлық мәселелерді біржақты ете алмайтындығын атап өтті.
Сонымен қатар, «A+ analytics» зерттеу орталығының жүргізген зерттеуі қоғамдағы басқа топтарға қарағанда ел жастарынының ресейлік үгіт-насихаттың ықпалына ермегенін көрсетті. Бұл көптің көңіліне үміт ұялатынын анық. Осылай ақпаратты әртараптандыруға сыни ойлауға жол ашатынын анық байқатып отыр.
Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әміребаев «демографиялық өзгерістер яғни, Қазақстандағы қазақ халқының үлес салмағының артуы ақпараттық тәуелсіздіктің тиімділігіне әсер етпейді, деген пікірді ұстанады. Яғни, қазақ халқының үлес салмағының артуы- демократияландыруға, қазақтілді БАҚ үлесінің көбеюіне әкелмейді. Егеменді ақпараттық өрістің болмауының себебі жалпы саяси және экономикалық саладағы егемендіктің жеткіліксіздігімен, азаматтық қоғам мен демократияның әлсіз дамуымен байланысты.
Азаматтық белсенді, HAQ партиясының негізін қалаушы Тоғжан Қожалиева мемлкеттер арасындағы қазіргі және алда болатын қақтығыстар мен соғыстар тек майдан даласында ғана емес, ақпараттық ортада да өрши түсетінін атап өтті. Ол үшін Қазақстанның ақпараттық тәуелсіздігін нығайтуға күш салу қажет. Сонымен қатар, ресейлік телеарналардың ықпалын азайтып, ТМД елдерінің балама телеарналарының ақпарат алаңына шығуына мүмкіндік беру, бейтарап кабельдік телеарналардың құнын көтеру сияқты нақты экономикалық шешімдер қажет.
Қазақстандық БАҚ сапасының мәселесін белгілі телепродюсер, журналист Әлібек Бегалинов те қозғады. Оның айтуынша, телеарналарды мемлекет тарапынан қаржыландыру телешоулар мен жаңалықтардың, бағдарламалардың мазмұнына, оның сипатына кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде журналистер мен продюсерлердің шығармашылық еркіндігіне шектеу қойылады. Олардың деңгейі өспей, бір орнында тұралап қалады. Адал бәсеке, шығармашылық еркіндік халықтың қазақстандық БАҚпен оның әзірге өкінішке қарай , шын мәнінде өзгелерге жол беріп отырған журналистика халықтың қызығушылығын арттырады.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Еркін Байдаровтың пайымдауынша, қазақстандық қоғам, соның ішінде жасы үлкендері «ақпараттық көпіршікте»қалып қалған. Одан әлі күнге дейін шыға алмай қалған. Ашығын айтқанда телеарнаның айтқанына сенетін кеңестік дәстүрдің ықпалында қалып отыр. Сондықтан қазақстандық телеарналар, жоғары оқу орындары мемлекеттік идеологияны насихаттауда басты назарды жастарға аударуы тиіс.
Ал, «Синопсис» Қытай мен Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Руслан Ізімов «Қытай тәжірибесі біздің ел үшін ақпараттық саланы басқарудың ең жақсы үлгісі емес», дейді. Қазақстанның ұлттық мүддесі оған қарағанда Орталық Азиядағы түркі елдерінің бірыңғай, ашық ақпараттық өрісіне көбірек сәйкес келеді.
AlmaU профессоры Арман Қарабаев білім сапасының төмендігі, мектеп бағдарламасы мен мемлекеттік телеарналарда сыни ойлаудың жоқтығы жастардың ақпаратты объективті бағалауына яғни БАҚ-нан үгіт насихатты бөліп алып қарауына кері әсерін тигізетінін айтып өтті. Ақпараттық тәуелсіздікті қамтамасыз етуді білім беруден, теледидардағы сараптамалық бағдарламалардан, журналистік зерттеуден бастау керек. Мысал ретінде ол 28 панфиловшының бірі, «өлуге бұйрық алған» Даниил Қожабергеновтің тағдырын келтірді. Мұндай кеңестік тәсіл қазіргі заманның өзінде табандылық танытқан халықтан шындықты жасыруға жақсы көмектеседі.
Yvision.kz директоры Бекежан Кембаевтың айтуынша, Қазақстанға арналған стратегиялық интернет-кабельдер негізінен Ресей арқылы өтеді. «Оны абайсызда трактор үзіп кетсе, республикадағы бүкіл интернет өшіп қалуы мүмкін»,-депәзілдеді. Оның пікірінше, Қазақстанда ақпараттық тәуелсіздік қана емес, жалпы ақпараттық саясатқа деген көзқарас, сондай-ақ жастар саясаты жетіспейді. Оған қоса, интернет БАҚ-тың аморфизмі мен ел өңірлеріндегі қазақ тілдегі білім беру сапасы да сын көтермейді.
Сарапшы Дәурен Әбен ақпараттық қауіпсіздік, тұтастай алғанда тұрақты мемлекеттік саясатты қажет ететінін атап өтті. Мәселен, қалалардың атаулары мен басшыларын ауыстыруға келгенде оңай өзгере салатын шенеуніктермен кейбірел сенім артқан ғалымдардыңіс - әрекеті Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің түпкі себептерін көрсетеді.
Kursiv.kz сайтының шолушысы Вадим Новиков Қазақстанның сарапшылар қауымдастығы жағдайды жасырмай, «Қазақстанның ақпараттық өрісінің Ресейге тәуелді» екендігі ашық айтылуы керек,- деп санайды. «Арнайы әскери операцияны» қоғамның қолдауы ресейлік үгіт-насихаттың тиімділігі мен ықпалын растайды. Шын мәнінде, бұл ешқандай күш қолданбай-ақ қоғамдық пікірді манипуляция жасауға мүмкіндік беретін бірегей әлеуметтік эксперимент болып табылады.
Халықаралық сарапшы Ишмухамедов Шәріп мемлекеттік органдар Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің практикалық шараларын азаматтық қоғамның өзі қолдау білдіріп, белсенділік танытқан жағдайда ғана бастай алатынын атап өтті.Дегенмен, жастар арасында ынта білдіріп жатқандар бар. UIB университетінің студенттері Дарья Жаркова, Мәдина Бекболатова, Далиля Юзеева, Никита Томин Қазақстанда тәуелсіз ақпараттық өріс құруға қатысты өз зерттеулерін ұсынды.
Талқылаудан кейін сарапшылық кеңеске қатысушылар қолға алған жұмысты жалғастырудың және ақпараттық салаға жауапты мемлекеттік мекемелерге арналған ұсыныстардың толық тізбесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
«A+analytics» зерттеу орталығының баспасөз қызметі