Тоқаевтың басымдығы – 4 миллион ауыл тұрғынына жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсету көзделуде
Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, оның барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаттары талқыланды.Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы, әсіресе денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі.📷«Дәрігер мамандығының мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина саласының қызметкерлерін қорғау мен қолдау жұмысы күшейтіледі. Саланы дамытудың тұрақты моделі әзірленіп, 2027 жылы қаржыландыру деңгейі ЖІӨ-нің кемінде 5%-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Бағдарламада көрініс тапқан шаралар ел аумағындағы 4 миллионнан астам ауыл тұрғынын мамандандырылған және жоғары технология…
