♾Тоқаевтың жақтастары Алматы облысының тұрғындарымен кандидаттың бағдарламасындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылады
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысындағы сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.
✔️Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, оның барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары талқыланды.
🗣«Алматы облысы – еліміздегі ең ірі өңірлердің бірі. Аймақ халықының 85%-ы ауылда тұрады. Мұнда да барлық өзге өңірдегідей шешімін күтіп тұрған мәселелер бар. Сол мәселелерді қазақстандықтар жаппай қолдайтын күшті билік қана шеше алады. Сондықтан сайлаушылардың 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, елдің одан әрі даму жолын анықтайтын таңдау жасауы маңызды», - деп атап өтті Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Азат Перуашев.
✔️Бұдан әрі РҚШ мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Оған 200-ге жуық адам қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерді дамытуға және ауылдағы инфрақұрылымды жаңартуға арналған бөлімі қызу талқыланды.
✔️Сондай-ақ, штаб мүшелері өңірдегі көп балалы аналарымен кандидаттың өскелең ұрпақты қолдау және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы әңгіме өрбіді.
‼️Осы күні Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Іле ауданының құрметті азаматтарымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылап, Қонаев қаласындағы жергілікті базарлардың бірінде жастармен кездесу өткізді.
#Toqaev2022