Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру жалғасады. 2022 және 2025 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі. Негізгі стратегиялық әріптестермен қатынастарды нығайту бойынша жұмыс жалғасады», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында. Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясын…