Қарттарға көмек жалғасуда
"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Сарыбастау бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Сарыбастау ауылының тұрғыны, зейнеткер Самбетова Қантай апаның ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Зейнеткер апамыз рахметін айтып, өз ризашылығын білдірді.
