Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Жастар колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі

Осы орайда ол колледждерде тегін оқыту мүмкіндігі туралы айтты. «Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі», - деді Үкімет басшысы.

0
0
152

284 мың пәтер жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй ретінде беріледі

⠀⠀«Nur Otan партиясының лидері - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыруды тапсырды. Бүгін, Үкімет Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынып отыр», - деді А. Мамин. Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады:1️⃣ - «Баршаға тең мүмкіндік»;2️⃣ - «Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт;3️⃣ - «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы»4️⃣ - «Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар».🔹Более 280 тысяч квартир предоставят казахстанцам в виде льготного социального жилья«Во исполнение поручения Первого П…

0
0
150

Азаматтық қабылдау онлайн форматта өткізілуде.

«Nur Otan» партиясының Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастағанын хабарлаған болатынбыз. Карантиндік шараларға байланысты олар онлайн форматта өткізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 08 ақпанында Науырзым аудандық мәслихатының депутаты Еламан Қазиқанұлы Күмісбеков азаматтарды онлайн қабылдады. Қабылдау барысында өтініш білдірушінің қойылған сұрақтары бойынша түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. 10 ақпанда «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Тазибекова Гүлжанат Төлеуқызы өтініш білдірушінің сұрақтарына толық жауап берді.Сонымен қатар ақпан айында өткізілетін азаматтық қабылдауларды назарларыңызға ұсынамыз.15 ақпанда – Науырзым аудандық мәслихатының депутаты Сергей Иванович Кошкодан,16 ақпанда – Денсау…

0
0
248

Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі – Үкімет басшысы Барлық құқықтар қорғалған.

«Еліміздегі барлық балаларға жақсы тәрбие мен сапалы білім алуға бірдей жағдай жасалады, толыққанды тұрмыс жағдайы мен әрбір баланың құқығының қорғалуына кепілдік беріледі. 3 – 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады», - деді А. Мамин. Оның айтуынша, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. «2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет тағы да басқа жабдықтарымен қамтамасыз етіледі», - деді Премьер-Министр.

0
0
195

«Nur Otan» партиясының Жол картасы әрбір облысты, әрбір ауылды қамтиды – Нұрлан Нығматулин

Мәжілісте төрағасы, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті.Онда Үкіметтің және «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысы туралы айтылды.Жиынға Премьер-министр Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Үкімет мүшелері қатысты.Елбасының 14 қаңтарда партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған тапсырмасы туралы айтқан Мәжіліс төрағасы:«Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бұл бағдарлама осы жылдарда жасалға реформалардың заңды жалғасы. Сонымен бір…

0
0
187

Nur Otan: Жол картасында тұрғындар тілегі ескерілген

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген, әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар құжат жобасы Nur Otan фракциясы отырысында пысықталған болатын.Облыстық, қалалық және 12 аудандық жол картасына 96 іс-шара енгізіліп, 70 нысаналы индикатор белгіленген. Оның ішінде Ақтөбе облысында жүзеге асатын ірі жобалар бар. Мәселен алдағы бес жылда облыс көлемінде "AltynEx Company" тау-кен металлургиялық комбинаты, "АҚТӨБЕ ЦЕМЕНТ" цемент өндіру зауыты, Қарғалы ауданында 48 мВт жел электр станциясы (екінші кезек), Мәртөк ауданында 2,8 мың бас ІҚМ арналған сүтті-тауарлы фермалар, Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады.- Праймериз және үгіт-насихатпен біз шалғай ауылдарға дейін барып, халықтың ұсыныс-тілектерін естіп, жинап қайттық. Соның барлығы сайлауалды бағд…

0
2
586