ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Nur Otan: Жол картасында тұрғындар тілегі ескерілген

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленген, әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар құжат жобасы Nur Otan фракциясы отырысында пысықталған болатын.

Облыстық, қалалық және 12 аудандық жол картасына 96 іс-шара енгізіліп, 70 нысаналы индикатор белгіленген. Оның ішінде Ақтөбе облысында жүзеге асатын ірі жобалар бар. Мәселен алдағы бес жылда облыс көлемінде "AltynEx Company" тау-кен металлургиялық комбинаты, "АҚТӨБЕ ЦЕМЕНТ" цемент өндіру зауыты, Қарғалы ауданында 48 мВт жел электр станциясы (екінші кезек), Мәртөк ауданында 2,8 мың бас ІҚМ арналған сүтті-тауарлы фермалар, Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады.

- Праймериз және үгіт-насихатпен біз шалғай ауылдарға дейін барып, халықтың ұсыныс-тілектерін естіп, жинап қайттық. Соның барлығы сайлауалды бағдарламада қамтылды. Енді міне, олардың жол картасына енгізілгенін көріп отырмын. Қоршаған ортаға қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдейтін "ЭкоТехПрогресс" зауытын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарланған. Бұл халық тілегінің ескерілгенінің бір мысалы, - деп Жол картасы жобасын талқылауға қатысқан фракция мүшесі Евгений Лазарчук өз ойын білдірді.

Фракция отырысын ашып жүргізген партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы жобасында тұрғындарды алаңдатқан мәселелер түгел қамтылғанын атап өтті.

-Өткен жылдың 17 қазаны күні облыстық филиалдың кезектен тыс ХХХ онлайн конференциясында партия филиалының сайлауалды бағдарламасы қабылданып, бекітілген болатын. Сол сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде алдағы 5 жылдыққа арналған Жол картасы жасалды. Жол картасының ерекшелігі сол, мұнда облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі елді алаңдатқан мәселелер түгел електен өткізіліп, қамтылды. Алдағы бес жылда елді дамытудың тың жоспары осы құжатта толық жазылған, - деді Оңдасын Оразалин.

Партияның облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Ербол Данағұловтың айтуынша, сайлауалды бағдарлама халықпен, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарымен жан-жақты талқылау нәтижесінде қалыптасты. Тек праймериз барысында ғана тұрғындардан 1,1 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Бұдан бөлек үгіт-насихат кездесулері кезеңінде тағы да қосымша аманаттар түсті. Олардың 82 пайыздан астамы аймақтық сайлауалды бағдарламаларды бекіту кезінде ескеріліп, нақты жоспар ретінде Жол картасына еніп отыр.

-Біз халық пен билікті байланыстыратын буын ретінде халықтың сенімі мен ақ-адал аманатын арқаладық. Сондықтан да сайлауалды бағдарламаларымызды жүзеге асыру үшін еліміздің, өңіріміздің әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жоспарларымызды ашық түрде қарауға ұсындық. Ендігі кезекте, алдағы 5 жылда Сайлауалды бағдарламамызды жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын толық әрі сапалы орындап, халыққа қызмет ету міндеті тұр. Облыстық жол картасы 165 пункттен құралып, фракцияның барлық 26 мүшесіне орындалуын ұйымдастыру бекітілді, -деді ол.