«Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы бастау алды
Бағдарлама қатысушыларының алдында сөз сөйлеген партия Хатшысы Дәулет Кәрібек жоба жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.📷«Әрбір жас азамат мемлекет ісіне, ел ісіне араласуы керек. Мемлекет басшысы айтып өткендей, жас қазақстандықтар үнемі жетіліп, жан-жақты дамып отыруы тиіс. Саяси жаңғырту ісін жалғастыру және кәсіби мемлекеттік басқаруды енгізу үшін тиісті кадрларды даярлау қажет. Жалпы, еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жастардың рөлін күшейту «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады», – деді ол.Қазақстанның барлық өңірінен конкурстық негізде 50 қатысушы іріктелді. Олар 5 күндік белсенді оқыту курсынан өтеді. Бұл – көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер, сондай-ақ Қазақстанның…
