Екібастұзда тұрғындарға көмек көрсету бойынша волонтерлер штабы жұмыс істеп жатыр
✔️«AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нияз Макраев мобильді бригадалар құрамындағы қоғам белсенділері үй аралап жүргенін хабарлады. Жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жиналуда.
Осы жерде Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі, Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы Вера Ким де жұмыс істеп жатыр.
⏺27 қарашада штаб қала тұрғындарына 50 жылытқыш үлестірді және апаттық бригадалардың жұмысшылары үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Волонтерлер штабы қазіргі уақытта коммуналдық қызмет жұмысшыларына жылытқыштар мен жылы аяқ киімдер қажет екенін айтты.
❔Волонтерлер штабының жұмысы бойынша жедел желі телефондары:
✔️+77054057128
✔️+77779965010
