Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы Риддер қаласында орын алған жағдайға байланысты өрттен зардап шеккен отбасыларға тұрмысқа қажетті алғашқы көмек көрсету үшін #Bizbirgemiz акциясын жариялайды.

2
0
218

Бақытты отбасы партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы

Аудандық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында Рамазан айында қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында көп балалы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік корзиналарымен көмек көрсетілді.

0
0
156

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» республикалық марафоны аясындағы шара

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» республикалық марафоны аясында аудандық мәслихат депутаты, «Аманбол» Ш/Қ қожалығының жетекшісі Мырзағалиев Амангелді Рахымұлы Саралжын ауылы тұрғындарының күл-қоқыстарын өз қаражаты есебінен ауыл сыртындағы полигонға тасып, полигон айналасын тазалап игі іс жасауда.

0
0
164

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

30 сәуір күні аудан әкімі Жанат Асантаев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында тұрғындарға қабылдау жүргізді.

Аудан әкімінің қабылдауында апатты жағдайда тұрған тұрғын үй мен материалдық көмек сондай-ақ тұрғын үйге газ кіргізу, жұмысқа орналасу сынды қабылдауға келген көпшілігінің толғандырған мәселесі болды.

Тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап қайтарған аудан əкімі Ж.Асылханұлы тиісті дәрежеде көмек көрсетілетінін жеткізді.

Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектеріне орай жұмыстанатындығын айтып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді.

0
0
195

"Ардагерлерді ардақтайық"

Алматы облысы Қаратал ауданы

"Nur Otan" партиясы, "Ардагерлерді ардақтайық"," Қаһарман" және "30 игі іс-шара" акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған 9 мамыр Жеңістің 76 жылдығына орай Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 8 тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, азық-түлік себеті табысталып, жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбірген күніміз үшін алғыс айтылды. Сіздердің жасаған ерліктеріңіз ешқашан өшпейді, есімізде мәңгі сақталады! #Qaharman #nurotan #ardagerlerdiardaktaiyk #ovpkaratal #karatal_akimat

0
0
248

" Ардагерлерді ардақтайық" жобасы

Алматы облысы Қаратал ауданы Б.Римова мектеп-гимназиясының ұжымы "Nur Otan" партиясының " Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Ұлы Жеңістің-76 жылдығына орай тыл ардагерлерінің үйлерін аралап, Жеңіс күнімен құттықтады. #жеңіскүні #АРДАГЕРЛЕРДІАРДАҚТАЙЫҚ

0
0
120

"Ардагерлерді ардақтайық"," Қаһарман", "30 игі іс-шара","Кедергісіз келешек","Бақытты отбасы"акциясы

Алматы облысы Қаратал ауданы"Nur Otan" партиясы, "Ардагерлерді ардақтайық"," Қаһарман", "30 игі іс-шара","Кедергісіз келешек" және "Бақытты отбасы" акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған 9 мамыр Жеңістің 76 жылдығына орай, "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың ұйымдастыруымен елжанды азаматтардың қолдауымен ауданымыздың тыл ардагерлерін, жалғызбасты , көпбалалы аналарды , мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, қал-жағдайларын біліп, мерекелік сыйлықтарын табыстап қайтты.Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.…

0
0
227