"Ардагерлерді ардақтайық"," Қаһарман", "30 игі іс-шара","Кедергісіз келешек","Бақытты отбасы"акциясы
Алматы облысы Қаратал ауданы
"Nur Otan" партиясы, "Ардагерлерді ардақтайық"," Қаһарман", "30 игі іс-шара","Кедергісіз келешек" және "Бақытты отбасы" акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған 9 мамыр Жеңістің 76 жылдығына орай, "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың ұйымдастыруымен елжанды азаматтардың қолдауымен ауданымыздың тыл ардагерлерін, жалғызбасты , көпбалалы аналарды , мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, қал-жағдайларын біліп, мерекелік сыйлықтарын табыстап қайтты.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Осы ардагерлерімізді ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз. "Батаменен ел көгерер" демекші Жылыбұлақ ауылындағы Сембекова Мария Арыновна өмірлік серігі болған Сембеков Құрманғали атамыздың игі істерін еске алып, сұм соғыстың оның отбасынан қалай өткендігін айтып өтіп, елімізге ашық аспан, бейбіт өмір тіледі. Соңынан ақ жол болсын деп батасын берді
#ЕрЕсіміЕлЕсінде
#АрдагерлердіАрдақтайық
#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК
#БАҚЫТТЫОТБАСЫ
#ҚАҺАРМАН
