Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

аудандық мәслихат депутаты, А.К.Ахметжанова жеке қабылдау өткізеді.

26.03.2021ж.күні сағат 15.00.-18.00. аралығында "Nur Otan" партиясы Зайсан аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты, А.К.Ахметжанова жеке қабылдау өткізеді.

0
0
193

аудан әкімінің қабылдауы.

Бүгін "Nur Otan" партиясының Зайсан аудандық филиалында жеке қабылдау жүргіздім. Қабылдауға әртүрлі сұрақтармен 33 тұрғын жазылды. Тиісті бөлім, сала басшыларымен бірігіп қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
213

Бадиков Мұратбек ақсақалмен "Nur Otan" партиясының кешенді дамыту бағдарламасы туралы әңгімелесу.

Зайсан ауданының білім саласының ардагері, Зайсан ауданының "Құрметті азаматы" Бадиков Мұратбек ақсақалмен "Nur Otan" партиясының кешенді дамыту бағдарламасы туралы әңгімелесіп, алдағы атқарылатын іс-шаралармен таныстырдым.

0
0
183

"Nur Otan" партиясының белсендісі Баймухамбетова Зәуре ханыммен канвассинг кездесуін өткіздім.

18.03.2021 жылы көп балалы ана,Нұр Отан партиясының белсендісі Баймухамбетова Зәуре ханыммен канвассинг кездесуін өткіздім.

Әңгіме барысында:

1.Көп балалы аналардың тұрғын үй мәселесі

2.Көп балалы аналардың әлеуметтік мәселелері

3.Үкіметтің түрлі әлеуметтік қорғау бағдарламалары туралы сұхбат жасадым.

0
0
182

Фракция жетекшісі

Зайсан ауданында 2021 жылдың І-ші тоқсанында іске асырылып жатқан ұлықаусар жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысынжалғастыруда. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басымдығы нақты айтылған. Осы жеті бағыт бойынша көлемді жұмыстар атқарылуда.Өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытудың жаңа мүмкіндіктері іске асыру мақсатында 2021 жылы жаңадан 57 жұмыс орындары іске қосылатын «ARNNA MINERALS» ЖШС-нің жылына 27 млн. литр артезиан ас суын және алкогольсіз газдалған сусындарды шығаратын зауытының құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы өткен жылы басталған Зайсан қаласындағы Спамбетов көше…

0
0
188

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірыңғай қабылдау күні

17 наурыз күні өткен "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірыңғай қабылдау күні аудан әкімінің орынбасары С.Нұртазин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Қинашева аудандық филиалда қабылдау өткізді. Қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған А.Солтанбекованың "Дәрмен" орталығының қызметіне тіркеу туралы, Батан Нинаның бір реттік материалдық көмек алу туралы өтініштері қанағаттандырылды.

0
0
203

Құтты мекен" партиялық жобасы аясында партияның мониторинг.

"Құтты мекен" партиялық жобасы аясында партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасында 2021 жылы жүзеге асырылатын құрылыс нысандарын мониторингтік топ бақылауға алды. Зайсан қаласындағы Спамбетов N2 мекенжайында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысының басында болып, құрылыс материалдарын, жұмыс жүргізіп жатқан мердігердің техникалық жабдықтарын көрді.

0
0
172

Зайсан ауданының әкімі С.З.Зайнулдин жеке қабылдау өткізеді.

19.03.2021 ж. күні сағат 9.00-13.00. аралығында "Nur Otan " партиясы Зайсан аудандық филиалының ғимаратында Зайсан ауданының әкімі С.З.Зайнулдин жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға 25-399 телефондарына хабарласып, жазыла аласыз. Біздің мекенжай: Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі 23 "А" үй.

0
0
193

"Кедергісіз келешек"

17.03 2021 ж. күні сағат 15.00- 18.00. аралығында "Nur Otan " партиясы Зайсан аудандық филиалында аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарының, аудандық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімі басшысының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірыңғай қабылдау күні өтетінін хабарлаймыз.

0
0
156