Фракция жетекшісі
Зайсан ауданында 2021 жылдың І-ші тоқсанында іске асырылып жатқан ұлықаусар жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын
жалғастыруда. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басымдығы нақты айтылған. Осы жеті бағыт бойынша көлемді жұмыстар атқарылуда.
Өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытудың жаңа мүмкіндіктері іске асыру мақсатында 2021 жылы жаңадан 57 жұмыс орындары іске қосылатын «ARNNA MINERALS» ЖШС-нің жылына 27 млн. литр артезиан ас суын және алкогольсіз газдалған сусындарды шығаратын зауытының құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы өткен жылы басталған Зайсан қаласындағы Спамбетов көшесіндегі № 2
бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 517,6 млн. тенге бөлінді. Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамту бағытында 32 пәтерлі бір қабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес «Жеке инвестор-несиелік баспана» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданымыздағы беделді СК «Зайсан құрылысы компаниясы» ЖШС-мен бес қабатты 48 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізуге өзара ынтымақтастық меморандумы жасалды. Инвестор тұрғын үй мен инженерлік желілер құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізеді. Пәтерлерді кезекте тұрған топтарға «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ арқылы 1 шаршы метрін 130 мың теңгеден асырмай сатуды жүзеге асыру көзделген.
«Ауыл-ел бесігі» жобасымен Дайыр ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізуге 55,0 млн. тенге бөлініп, конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Аталған бағдарлама аясында ағымдағы жылы 443,5 млн. теңгеге, Айнабулақ ауылындағы 150 орындық клуб үйінің құрылысын жүргізу және ауылдық елді мекендердің атап айтсақ, 252,2 млн. теңгеге Айнабулақ, Қарабулақ ауылдарының көшелері орташа жөнделіп, 85 млн. теңге үш ауылдың көше жарықтандыру құрылғылары ауыстырылады деп жоспарланған. Жол құрылысында Зайсан-Шілікті жолының 20 шақырым жеріне 500 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Аудандағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде 2021 жылы шалғай ауылдарда 47,5 млн. теңгеге (Дауал, Сатпай, Қабырғатал, Аққойын, Какен-талды) 5 блоктік модульдық станциялар орнатылады. Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 97,3% дан 97,9%-ға жетеді.
Аудан орталығын абаттандыру жұмыстары жалғастырылады. Атап айтсақ Спамбетов көшесіндегі скверге 50 млн. теңге, Головченко көшесін абаттандыруға (мини футбол, стрит воркаут) 20,2 млн. теңге қарастырылған.
Боқажанов көшесінде орналасқан көп қабатты 60 пәтерлі екі үй, 30 пәтерлі бір үй, 27 пәтерлі бір үйлерге сметалық құны 364,9 млн. теңге құрайтын қатты отынмен жылу беру жоспарлануда.
Тарихы мен мәдениеті тереңнен тамыр алған Зайсан ауданының экономикасы дамып өркендей өсу үстінде. Абаттанып келе жатқан Зайсан ауданын көрген кезде бүгінімізден ертеңіміз жарық - болашағымыз айқын кемел екені бәрімізді қуантады.
«Nur Otan» партиясы
фракциясының жетекшісі В.А.Адильбаева
