Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Қайнар ауылында өткен кездесу

Бірінші Май ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында өтініштер мен тілектерді жинақтау бойынша "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында қарттардың, ауыл жастарының қатысуымен кездесу өтті. Толғандыратын бірқатар сұрақтар көтеріліп, тілектер жинақталды.

0
0
182

⚡️Аманаттықтар Алматы қаласы тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады

▶️Мәселен, танымал тележурналист, партия мүшесі Мақсат Толықбай Алматыдағы аманаттықтар қаладағы «Түрксіб жәрмеңкесі» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. 💬«Біз тауарға ең көбі 100 теңге қосамыз. Мұны қымбатшылық деуге келмейді. Алайда «Алтын Орда» базарында азық-түлік бағасы жиі көтеріледі. Өзіміз де сол жерден сауда жасаймыз. Сол жерде тексеріс жүргізген жөн. Жанар-жағармайды қымбатшылығы да, кептеліс те баға өсіміне әсер етеді. Баспана бағасы да оңып тұрған жоқ. Бәлкім, бастапқы жарнаға қандай да бір жеңілдік жасалғанда көп адам үйлі болар ма еді», – дейді «Түрксіб жәрмеңкесі» базарының саудагерлері.Сондай-ақ, қала тұрғындары мегаполистің инфрақұрылымын дамыту, яғни, метро желісін қала аумағынан тыс, облыстың жақын орналасқан қалаларына дейін жеткізу, экология…

0
0
186

«AMANAT» партиясының «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі өз мәресіне жетті

⏺Астана қаласында «AMANAT» партиясы қолға алған «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі өз мәресіне жетті. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында өткізілген іс-шарада биыл туғанына 130 жыл толып отырған алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың есімі ұлықталды.✅Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжде ұйымдастырылған келелі кездесуге «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек және танымал ғалымдар, көрнекті қаламгерлер, театр және кино артистері қатысты. Олар жастар қауымының алдында танымдық дәріс оқып, тұшымды әңгіме өрбітті.✅«Қазақ газеттерінің» бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы бұл жүздесудің мәні мен маңызын айтып, ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.💬«Мағжан – символ. Мағжан – құбылыс. Мағжан – қазақтың көркем өнерін, рухани деңгейін жаңа биікке көтерген біртуар адам. Оның шығар…

0
0
467

⚡️«Біздің партияның миссиясы – заңсыз алынған ұлттық байлықты мемлекетке қайтару»  – Саиров «AMANAT»

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді. ❔Ол қазіргі уақытта мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған еді. 🗣«АMANAT» партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! «Бармақ басты, көз қыстымен» жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, «бұрынғы ең…

0
0
287