⚡️Аманаттықтар Алматы қаласы тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады
▶️Мәселен, танымал тележурналист, партия мүшесі Мақсат Толықбай Алматыдағы аманаттықтар қаладағы «Түрксіб жәрмеңкесі» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады.

💬«Біз тауарға ең көбі 100 теңге қосамыз. Мұны қымбатшылық деуге келмейді. Алайда «Алтын Орда» базарында азық-түлік бағасы жиі көтеріледі. Өзіміз де сол жерден сауда жасаймыз. Сол жерде тексеріс жүргізген жөн. Жанар-жағармайды қымбатшылығы да, кептеліс те баға өсіміне әсер етеді. Баспана бағасы да оңып тұрған жоқ. Бәлкім, бастапқы жарнаға қандай да бір жеңілдік жасалғанда көп адам үйлі болар ма еді», – дейді «Түрксіб жәрмеңкесі» базарының саудагерлері.
Сондай-ақ, қала тұрғындары мегаполистің инфрақұрылымын дамыту, яғни, метро желісін қала аумағынан тыс, облыстың жақын орналасқан қалаларына дейін жеткізу, экологияны жақсарту, жол жөндеу мәселелерін көтерді.
💬«Сатушылардың көбісі облыс аумағында өмір сүреді. Осында жету үшін күн сайын 2-3 сағат кептелісте тұрады. Егер метро облыс аумағына ұзартылса, қалаға қатынау әлдеқайда жылдам әрі оңай болар еді», – дейді Алматыдағы «Көк базар» сатушылары.
Алматылықтар үшін жатақхана мәселесі де әрқашан өзекті. Осылайша, партиялықтар қаладағы жатақханалардың біріне барып, студенттердің мәселелерін біліп қайтты.
💬«Жатақханамыз 1937 жылы салынған. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, студенттерге арналған орын өте аз. Жаңа оқу жылы басталмай тұрып осы мәселені шешуді сұраймыз. Кеңсе тауарлары да қымбат. Бір стипендияға осындай үлкен қалада білім алу өте қиын. Ақылы негізде білім алып жатқандарды да ескерген жөн. Студенттік билетті немесе «Оңай» карточкасын ұсынған кезде кеңсе тауарларына жеңілдік болса, жақсы болар еді», – дейді студенттер қауымы.
❔Барлық ұсыныс-тілектер партиялықтардың назарына алынды.
#AMANAT
