Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Бірлескен отырыс барысында депутаттар қазіргі таңдағы халықты алаңдатып отырған өзекті мәселе – бұл азық түліктің күн санап қымбаттап бара жатқандығы туралы мәселені талқылады.

Депутаттар сондай-ақ, белең алып бара жатқан қымбатшылықты тоқтатып, бағаны тұрақтандыру үшін тез арада қандай да бір шара алу керек деген пікірлерін ортаға салды.

Осы мәселеге қатысты депутаттар, құрылғалы отырған облыстық мәслихаттың үйлестіру комиссиясының шеңберінде жүйелі түрде кешенді жоспар жасап, өкілетті органдар тарапынан комиссия құру керек деген ұсыныстарын жеткізді.

0
0
207

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 игі іс» қайырымдылық марафоны болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 игі іс» қайырымдылық марафоны бастау алады, осы орайда бүгін "Nur Otan" партиясы Райымбек ауданы Сарыжаз бастауыш партия ұйымының жастар нұсқаушысы К.Ракимбаев, Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті А.Есболатұлы және студенттерден құрылған Ерікті жастарының ұйымдастыруымен ауылымыздағы жалғызбасты қарт кісі зейнеткер Сқақова Мәрия апамыздың үйне барып "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында ауласына тазалық жұмыстарына көмек көрсетті. Шара соңында қариямыз жастарға ақ батасын беріп, алғысын білдірді.

0
0
169

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Комиссия отырысын облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді.Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың 4-ші сессияның төрайымы А.Салиева, тұрақты комиссиялардың төрағалары, мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері қатысты.Отырыста облыстық мәслихаттың кезекті 4-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелелер қаралды.2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуының жылдық есебі туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н. Есенғалиев, 2020 жылғы облыстық бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары - ҚР аумағында енгізілген төтенше жағдай және карантиндік режим кезеңінде әлеуметтік саланы, аграрлық секторды, шағын және орта…

0
0
223

Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында«OFFICE OLIMPICS» атты кеңсе олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Талдықорған қаласы, «Жастарға қызмет көрсету орталығында», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 23 маусым Мемлекеттік қызметші күніне орай "Office olympics" атты кеңсе олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілді. Шараның мақсаты, облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері арасында бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға, ой ұшқырлығы мен ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыруға, ізденпаздық пен жылдамдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қойылған олимпиаданың талаптары, жылдамдық пен ұшқырлық, дауыс мәнері және тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті мен киім үлгісін сақтауы. Жалпы жарысқа облыстық басқар…

0
0
373

Ротация: директорлар мұғалімге айнала ма?

Білім және ғылым министр­лігі мектеп директорларын жап­­пай ауыстыру науқанына кіріспек. Министр бұйрығының жобасын қоғамдық талқылау бүгін аяқталады. Жаңашылдық қоғамда қызу пікірталас ту­ғызды. Бұл білім саласын же­тілдірудің кезекті қадамы бол­са керек. «Nur Otan» пар­тиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сай­лауал­ды бағдарламасында білім беруді дамытуға баса мән берілген. Онда «мектептің және ата-аналардың балалар тәрбиесі үшін жауапкершілігін күшейтуге серпін беретін мек­теп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форма­тына өту» міндеті қойылған.Мұндай жаңа міндеттерді жү­зеге асыру үшін бұрыннан қорда­ланған мәселелерді шешіп алған абзал. Мысалы, ата-аналар мен мұ­ғалімдер орнында көп отырған дирек­тордың өзін патшадай сезіне­тінін айтады:…

0
0
351

Жыл басынан 1035 өтініш қарастырылды

Қазақстанның қазіргі заман тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл және ымырасыз күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мәнін қалыптастырады. Бүгінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күштерімен ашықтық, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттарына негізделген осы жағымсыз құбылысқа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері қолданылуда. Бұл туралы өз сұхбатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департамент басшысы Ернар Мақажанов айтып өтті.– Ернар Әбсейітұлы, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттары туралы айтып берсеңіз. – Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру векторлары ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сы…

0
0
207

Аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Жасұлан Кәрелұлының қоғамдық қабылдауы

"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 21-маусым, сағат 16:00-де аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен жеке қоғамдық қабылдау өткізеді.

Мекен-жайымыз: Қаратөбе ауданы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 16 үй.

Байланыс телефоны: 8 (711) 45 31 3 30

0
0
339

Ақ халатты абзал жандар !

Бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. "Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. "Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.

0
0
243