Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

" Есіктен есікке" акциясы аясында сайлаушылардың үйлерін аралап Бозоба ауылына барды

Ернар Галимов " Есіктен есікке" акциясы аясында сайлаушылардың үйлерін аралап, Бозоба ауылына барды. Ауыл азаматы Құспанов Рапхат ағамыздың үйнде болып, сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

0
0
161

Н.Н.Хұсайнов Еңбек Даңқы орденінің иегері Бари Ағамызбен кездесті

ЕЛ СЕНІМІ -ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ.Сексенбаев елді мекенінде Округ әкіміне үміткер Е.Б.Галимовтың округ әкімінен сайлануына байланысты үгіт-насихат тобымен,осы ауылдың байырғы тұрғыны Еңбек Даңқы орденінің иегері Бари Ағамыз бен жылы шырайлы кездесу болды.Өз кезегінде Бари Ағамыз ауыл тұрғындарының шешімін күтіп тұрған проблемаларға тоқталып,ауыл әкіміне үміткер Ернар Бақтиярұлын қолдап дауыс беретінін жеткізді.Үміткердің сенімді өкілі,қоғам белсендісі Н.Н.Хұсайнов

0
0
170

Күнсұлу Шакенаева Қоныс ауылындағы көп балалы, ардагер Айсұлу апамыздың шаңырағында болды

Бүгінгі күні Казталов округіне қарасты Қоныс ауылындағы көп балалы, ардагер Айсұлу апамыздың шаңырағында болып, ауыл әкімдігіне үміткер Е. Бахтиярұлының сайлау алды бағдарламасымен таныстырдым. Апамыз Ернар баласына сәттілік тілеп, өз батасын берді.

0
0
190

У.Абешов Қазпошта ұжымымен кездесіп Е.Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстырды

Ернар Бахтиярұлы Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстыру және үгіт-насихат жүргізу мақсатында Қазпошта ұжымымен кездесу өткіздім. Менің кандидатым ұжымда қолдау тапты. Халықтың ең көп келетін орны болғандықтан ғимарат алдында автокөлік қою тұрағын жасауды жоспарға енгізуді сұрады. Ауылдың «Сельхозтехника» жағында айналма жолдың бойына бейне камералар орнатуға ұсыныс түсті. Себебі сол жақта кешкі және түнгі мезгілдерде автокөліктер тоқтап қоқыс тастау оқиғалары жиі орын алады.

0
0
206

У.Абешов Қазталов ауылдық оуругі әкіміне үміткер Е Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстырды

Қазталов ауылдық оуругі әкіміне үміткер Ернар Бахтиярұлы Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстыру және үгіт-насихат жүргізу мақсатында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымында болып, қызметкерлерімен кездесу өткіздім. Ұжым қызметкерлері ауылды көркейтуді қолдап, Лұқманов көшесінде қатар орналасқан балабақша мен халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарына техникалық су өткізіп беруді сұрады. Мекемелер тұрған жердің алдын халықтың демалатын орнына лайықтап жасақтауды және шетте орналасқан балалар алаңын сол жерге көшіруді ұсынды. Себебі балалар сол жерді қолайлы болғандықтан ойын алаңына айналдырып алған. Мен сенімді өкіл ретінде ұсыныстарын қабыл алдым. Менің кандидатымды қолдағандары үшін алғысымды айттым,

0
0
233

Кезекті үгіт - насихат жұмысымен Бозоба ауылында болды

Кезекті үгіт - насихат жұмысымен Бозоба ауылында болдық. Ауыл үлкені Дүйсенбай ағамыздың үйіне барып, сайлауалды бағдарламамды таныстырдық. Ағамыз алдағы сайлаудың маңыздылығын айтып, қолдайтынын жеткізді.

0
0
171

Үгіт - насихат жүргізу мақсатында Сексенбаев ауылында болды

Үгіт - насихат жүргізу мақсатында Сексенбаев ауылында болдық. Ауылдың белсенді азаматы Елемес ағамыз және ардагер ұстаз Баян апамызбен кездесіп, сайлауалды бағдарламамды таныстырдық. Жалпы ауылдың тыныс тіршілігін сұрап, ұсыныс пікірлерін тыңдадым.

0
0
193

" Есіктен есікке" акциясы аясында Қоныс ауылында болды

" Есіктен есікке" акциясы аясында Қоныс ауылында болып, бір топ тұрғындармен кездестік. Солардың бірі ауыл үлкені Айсұлу әжеміз. Әжемізбен жылы жүздесіп, сайлауалды бағдарламамды таныстырдым. Алдағы уақытқа әжемізге саулық тілеп, батасын алдық.

0
0
168

16 шілде күні Бозоба ауылында ауыл тұрғындарымен кездесті

16 шілде күні Бозоба ауылында болып, бір топ ауыл тұрғындарымен кездестік. Соның бірі ауылдың белсендісі Шакелекова Ботагөз апамызға барып, сайлауалды бағдарламамды таныстырдық. Ботагөз апамыз сайлаудың маңыздылығын түсіне отырып, ауылдастарын белсенді қатысуға шақыруда.

0
0
168

Е.Галимовтың сенімді өкілі Құсайнов Нұрлан Сексенбаев ауылында үгіт - насихат жұмысымен болды

16 шілде күні Е.Галимовтың сенімді өкілі Құсайнов Нұрлан Сексенбаев ауылында үгіт - насихат жұмысымен болып, ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Шайнов Бари атамызбен кездесті. Кездесуде алдағы сайлау жөнінде әңгіме құрып, сайлауалды бағдарламамды таныстырды. Атамыз өзінің басынан өткен қиын қыстау кездерді еске алып, қазіргі кезге шүкіршілік етуде.

0
0
178