У.Абешов Қазпошта ұжымымен кездесіп Е.Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстырды
Ернар Бахтиярұлы Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстыру және үгіт-насихат жүргізу мақсатында Қазпошта ұжымымен кездесу өткіздім. Менің кандидатым ұжымда қолдау тапты. Халықтың ең көп келетін орны болғандықтан ғимарат алдында автокөлік қою тұрағын жасауды жоспарға енгізуді сұрады. Ауылдың «Сельхозтехника» жағында айналма жолдың бойына бейне камералар орнатуға ұсыныс түсті. Себебі сол жақта кешкі және түнгі мезгілдерде автокөліктер тоқтап қоқыс тастау оқиғалары жиі орын алады.
