Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Галимов Ернар Бахтиярұлының өмірбаяны

Мен, Галимов Ернар Бахтиярұлы 1984 жылы 22 шілдеде Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келдім . 1990 жылы Мирон орта мектебіне қабылданып 2001 жылы аяқтадым.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Алғашқы еңбек жолымды 2004 жылы Мирон орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастадым.

2013 жылы Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2013 - 2015 жылдары Тереңкөл ОЖББ мектебінің директоры;

2015 - 2017 жылдары Мирон НЖББ мектебінің директоры;

2017 - 2019 жылдары Тереңкөл ауылдық округінің әкімі;

2019 жылдан бері Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін. Отбасын құрғанмын, 4 ұлым бар.

0
0
163

Уалиолла Абешов Тыл еңбеккері Сармалаева Мұғамила әженің үйінде болды

Уалиолла Абешов Тыл еңбеккері Сармалаева Мұғамила әженің үйінде болып, құрбан айт мерекесімен құттықтады. Әңгімесін айтып, көңілі көтерілді. Ауыл әкімдерінің сайлауы өтетінін, үміткерлерді таныстырып, елдегі жағдай туралы хабардар етті. Өзінің кандидаты Ернар Галимовтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

0
0
187

Ауданымыздың абзал азаматы Тұрақпай Ағамыздың шаңырағында болды

Ауданымыздың абзал азаматы Тұрақпай Ағамыздың шаңырағында болып, Елдегі әкімдер сайлауы жөніндегі саяси жаңалықтарға тоқталып,алдағы Округ әкіміне үміткер Е.Б.Галымовтың өмір деректерімен және сайлау алды бағдарламасымен таныстырдым.Ауданымыздың экономикалық әлеуметтік саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырған, абыз ақсақал ақ батасын беріп сайлауда ауыл әкіміне үміткер Е.Бақтиярұлын қолдап оның алдағы ауыл өмірінің жетістіктеріне жете беруіне тілектестігін жеткізді.Үміткердің сенімді өкілі,қоғам белсендісі Н.Н.Хұсайнов

0
0
226

Округ әкімдерін сайлауда халыққа үгіт-насихат жұмыстары жалғасын табуда.

Елімізде тұңғыш рет болғалы жатырған Округ әкімдерін сайлауда тікелей халық өз таңдауын жасайтындары туралы халыққа үгіт-насихат жұмыстары жалғасын табуда.Казталов округі әкімшілігіне қарасты Ш.Мерғалиев көшесінің тұрғындарына алдағы ауыл әкімдерін сайлауының маңыздылығы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім.Өз кезегінде көше тұрғындары Ауыл әкіміне үміткер Е.Б.Галимовты бір ауыздан қолдайтындарын жеткізді. Үміткердің сенімді өкілі,қоғам белсендісі Н.Н.Хұсайнов

0
0
175

Құрметті жамағат, қадірлі отандастар!

Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Сіздерге амандық пен саулық, бірлік мен береке тілеймін.Бағзы заманнан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, сауап алу сынды ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж»…

0
0
291

Ернар Галимовке дауыс беріңіздер

Казталов ауданы бойынша, Казталов ауылдық округы әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Бахтиярұлы Галымов

0
0
346

Абешов Уалиолла Аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді

Абешов Уалиолла Аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ауыл әкіміне үміткер Ернар Галимовтың сайлауалды бағғдарламасымен таныстырды.

0
0
149

Абешов Уалиолла Аудандық мәденинет үйінде сала қызметкерлерімен кездесу өткізді

Абешов Уалиолла Аудандық мәденинет үйінде сала қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ауыл әкіміне үміткер Ернар Галимовтың сайлауалды бағадарламасымен таныстырды.

0
0
170