Галимов Ернар Бахтиярұлының өмірбаяны
Мен, Галимов Ернар Бахтиярұлы 1984 жылы 22 шілдеде Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келдім . 1990 жылы Мирон орта мектебіне қабылданып 2001 жылы аяқтадым.
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Алғашқы еңбек жолымды 2004 жылы Мирон орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастадым.
2013 жылы Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2013 - 2015 жылдары Тереңкөл ОЖББ мектебінің директоры;
2015 - 2017 жылдары Мирон НЖББ мектебінің директоры;
2017 - 2019 жылдары Тереңкөл ауылдық округінің әкімі;
2019 жылдан бері Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін. Отбасын құрғанмын, 4 ұлым бар.
