Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Бүгін Казталов ауданы бойынша 4 округте ауыл әкімдерінің сайлауы басталды.

Бүгін Казталов ауданы бойынша 4 округте ауыл әкімдерінің сайлауы басталды. Барлық санитарлық талаптарын сақтай отырып дайындалған сайлау учаскелері таңғы 7-ден бастап сайлаушыларға есігін айқара ашты. Ертемен дауыс беруге келген азаматтардың қарасы да қалың. Сайлау өтетін елді мекен тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз!!! Бұл таңдау, ауылдың болашағын таңдау!!! Ауылдың болашағы Біздің болашағымыз, біздің болашағымыз Елдің болашағы!!!

0
0
268

25 шілде – ауыл әкімін сайлау күні

Қайырлы күн, құрметті жерлестер!

Биылғы жылы Мемлекет басшысы бастамасымен тікелей сайлау өтетінін баршамызға мәлім етті.

Бүгінгі сайлау ел дамуындағы маңызды күндердің бірі.

Сайлау өтетін ауыл азаматтары дауыс беруде белсенділік танытуы қажет деп ойлаймын. Дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық құқығымыз және борышымыз. Бұл – әр азамат үшін мемлекеттің дамуына ықпал ететін мүмкіндік. Сол себепті, барша сайлаушыларды осы мүмкіндікті жібермей, саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамыз.

0
0
274

Ернар Галимов еңбек ардагері Мақсот ағаның үйінде болды

" Есіктен есікке" акциясы аясында ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Мақсот ағаның үйінде болды. Ағамызға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлау жөнінде ой пікірін білді. Алдағы сайлаудың маңыздылығын түсінетінін және қолдайтынын жеткізді.

0
0
170

Н.Хусайнов Отаров Қайрат Ағамыздың шаңырағында болды

Ауыл әкіміне үміткер Е.Галимовтың Округ әкіміне сайлануы жөнінде үгіт-насихат жұмыстарымен Отаров Қайрат Ағамыздың шаңырағында болдық.Ернар Бақтиярұлының әкімдікке ұмытылуының астарында қызымет емес,туған ауылға қызымет етсем деген мақсат.Ауылды Ернар секілді жастар көтермегенде кім көтереді?!Казталов округі - аудандағы халқы көп округ.Соған сай қиыншылықтары да баршылық.Үміткердің сенімді өкілі Н.Н.Хұсайнов

0
0
206