«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тамыз айында атқарылған жұмыстар туралы
Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы тамыз айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 3 іс-шара өтіп, 27 адамның қатысуымен 19 адамға көмек көрсетілді. Аталған шаралар БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Сүнбеков қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген Қаскелең қаласының тұрғындары баласын мектеп алдында даярлау бойынша көмек сұрап келсе, енді біріне азық-түлікпен көмек көрсетуді сұрады. Қабылдау барысындағы тұрғындардың өтініштері ескеріліп, алдағы уақытта көмек көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, “Бақытты Отбасы” жобасы аясында, «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Аталмыш акция облыстық мәслихат депутаты Б.Абишев, аудандық мәслихат депутаты Қ.Дюсембаевтың қолдауымен ұйымдастырылды. Акция барысында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді.
#Бақыттыотбасы
#бақыттыотбасықарасайауданы
#qazaqstan30
#мектепке жол
