Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Панфилов ауданы бойынша бюджеттік ұйымдардың жалпы саны 171.

Панфилов ауданы бойынша бюджеттік ұйымдардың жалпы саны 171.95 объектіде 91 пеш және 15 қатты отын қазандығы бар. 77 объектіде 98 сұйық отын қазандығы бар .Жылыту маусымына қажетті дизель отынының жалпы көлемі 2 610 340 литрді құрайды. 739 597 литр сұйық отын әкелінді. Көлемнен алынды-28%.Жылыту маусымына қажетті қатты отынның жалпы көлемі 5141,3 тоннаны құрайды. 1756 тонна қатты отын жеткізілді. Көлемнен алынған-34%.Аудан тұрғындарына қажетті қатты отын көлемі 52,0 мың тоннаны құрайды. 25 850 тонна көмір көлемінен немесе– 49,7% алынды. Аудан аумағында 5 көмір базасы жұмыс істейді.Білім беру саласында: ауданда 45 нысан сұйық отынмен, 23 нысан қатты отынмен, 1 мектеп және 1 балабақша орталық жылыту қазандықтары арқылы жылытылады.Аудан мектептері үшін "Arami"ЖШС-мен 1 477 559,25 литр дизель…

0
0
350

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге бейімделуіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг негізінде анықтама толтырылып, мекеме басшыларына ұсыныстар айтылды. Мониторингтік топ құрамында әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық кеңесінің төрайымы және кеңес мүшелері қатысты.

0
0
135

«Бақытты отбасы»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы Д.Рақышұлы мектебінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық» акциясын ұйымдастыру барысында «Талды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі және ауыл азаматтарының көмегімен 10 балаға мектепке керекті заттарын табыстады.

0
0
208

«Қайырымды 30 игі іс»

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, «Қайырымды 30 игі іс», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты ММ жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Әлімғазы Қуаныштың ұйымдастырумен және жасыл ел жастарының қолдауымен Әулиеағаш ауылының Қарқызов көшесінің номер 22 үй тұрғыны Тыл ардагері Карағалиева Ұлболсын апамыздың үйінің айналасын арам шөптерден тазарту және әктеу сырлау жұмыстарын жүргізіп көмек көрсетіп қайтты.

0
0
143

«Қайырымды 30 игі іс»

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, «Қайырымды 30 игі іс», «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, Үлкенағаш ауылдық округінің тұрғыны Мамутова Гүлбостанның үйіне барып ауыл еріктілерінің қолдауымен , үйінің сыртын қырып сылып көмек жасап қайтты.

0
0
181

«Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты тақырыпта өлең оқудан онлайн челлендж

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ ұйымдастыруымен, мектеп оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты тақырыпта өлең оқудан онлайн челлендж

0
0
148

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, «Ұлттық мұра» жобасы аясында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, «Ұлттық мұра» жобасы аясында, «Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен Есік археологиялық өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өскелең ұрпаққа ұлттық салт -дәстүрді дамыту және ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында,​ Есік гуманитарлық -экономикалық колледж студенттері, Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінің оқушыларымен іс -шаралар ұйымдастырылды.

#NurOtanQаazaqstan30

#Ulttykmura

0
0
166

"Депутатқа сауал қой"

"Депутатқа сауал қой"

"Nur Otan" партиясының Панфилов аудандық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимқызы 2021 жылдың 9 - қыркүйек күні жоспарға сәйкес әлеуметтік желі арқылы «Депутатқа сауал қой» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында партия тарапынан атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстарды талқылады. Тікелей эфирге қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Сол сұрақтарға жауап беріп болашақтағы мақсаттарын айқындап, алға қойған міндеттердің орындалуына жете көңіл бөлетіндігін айтты, Жол картасының орындалуды бақылауды, жүзеге асуын қадағалап отыруды мақсат еттіп. Сонымен қатар кәсіпкерлерге ASHYQ жобасын қолданып, оның тиімділігін ащық талқылады. Аудан көлемінде вакцинация науқанының пайыз көрсеткішін көтеруге ат салысуларын сұрады.

0
0
135

“Депутатқа сауал қой”

“Депутатқа сауал қой”

Панфилов аудандық мәслихат депутаты Батырхан Алмаз Бақытұлы “Депутатқа сауал қой” айдары бойынша әлеуметтік желідегі парақшасынан тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Онлайн-қабылдау сипатындағы эфирінде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламаның Панфилов ауданында орындалу барысы туралы ой қозғалды. Осындай тікелей эфирлер арқылы халықпен жиі жүздесіп, жүргізу жоспарланды. Мақсатымыз- елге қызмет ету!

Тікелей эфир барысында тұрғындар өз ой-пікірлерін жазып , сәттілік тіледі.

Алдағы уақытта да әлеуметтік желдідегі парақшаларында тұрғындарымен жүздесіп отыратынын айтып өтті.

0
0
174

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, “Ұлттық мұра” жобасы аясында

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде, “Ұлттық мұра” жобасы аясында, Ұлттық салт дәстүрді дамыту, ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі Масақ атындағы орта мектебінде ұлттық ойындар сайысы өткізілді.

#Ulttykmura

#NurOtanQazaqstan30

0
0
170