Мониторингтік топ құрылды
Топ құрамында аудандық мәслихат депутаттары М.Бигельдиева, Н.Жайлаубекова, О.Чебоненко, А.Балажанова, Партиялық бақылау комиссия төрайымы А.Исаева сонымен қатар Қаскелең қаласының әкімі А.Мұқашев, аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғ.Малдыбаев бар. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын басты назарға алды. Аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Ғ.Малдыбаев түрлі тауарға қойылатын баға үстемесi 10-15 %-дан аспауына және әрбір тауардың тасымалдау құжаттарының болуына баса назар аудару керек екендігін айтты. Баға тұрақтылығына мониторинг "Жансая", "Ільяс", "Кәусар" және "Орақпай" азық-түлік дүкендеріне жүргізілді.
