Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Партиялық актив отырысы өткізілді.

Партиялық актив отырысы өткізілді.

Өздеріңізге белгілі, 1 наурыз күні партияның кезектен тыс XXII съезі өткен болатын. Онда партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және партияны модернизациялаудағы 7 басымдық ұсынылған болатын.

Бүгінгі партиялық актив отырысының күн тәртібінде партияны модернизациялаудағы 7 басымдықты және оның бағыттары мен тапсырмаларын талқылау мәселелері қарастырылды.

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұров Мәулен Мұқажанұлы баяндама жасады.

Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары мен партия белсенділерінің баяндамасы тыңдалып, сөз соңында қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген партия мүшелері алғыс хатпен марапатталды.

0
0
151

Қ.Тоқаев: Қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз

«Мен Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар отырысын өткіздім. Санкциялық қарсылықтың бұрын-соңды болмаған шиеленісуі жағдайында Үкіметке елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктедім. Біздің экономикамыз дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін санкциялық сын-қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы керек. Алдағы қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделілігін бағаламауға немесе асыра көрсетуге болмайды», – деді Президент.

0
0
128