Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Тұрғындарды жеке қабылдады

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жиынға дербес бөлім басшылары қатысты. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қабылдауға келе алмаған Қамысты ауылдық округінің тұрғындары мамандық бойынша жұмысқа тұру, мемлекеттік грант алу жөнінде сұрақтарын қойды. Өз кезегінде қабылдауға келген аудан тұрғындары маршруттың тұрақсыздығы, бір реттік әлеуметтік төлем, жұмыс орнындағы тәртіпсіздік, үй кезегі, «Бизнес бастау» оқу гранты, интернет желісінің төмендігі, жұмыссыздық, жалға берілген пәтерлерде газдың жиі сөнуі сынды мәселелерін алға тартып, көмек сұрап келді. Аудан әкімінің орынбсары Асхат Хамитұлы оларға тұшымды жауаптарын беріп, айтылған мәселелер хақында тиісті сала басшыларына та…

0
0
150

Қоғамдық қабылдау жүргізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар Жәнібек ауданында болған іс сапарында ауыл тұрғандырын жеке қабылдаумен қорытындылады. Қабылдауда негізінен ауыл тұрғындары, аудандық маслихат депутаттары да болды. Мәжіліс депутатының қабылдауына келген азаматтар, аудан көлемінде шешімін таппай жүрген жеке мәселелерімен қатар, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына тікелей әсер ететін түйткілді мәселелерді көтерді. Мәжіліс депутаты барлық мәселелер бойынша жұмыстанып, жауабын жеткізетіндігін айтты.

0
0
157

Қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Тасқала аудандық маслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. #Amanat

0
0
173

«ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» республикалық акциясы өткізілді.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының ғимаратында «ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» республикалық акциясы өткізілді. Аталған акцияны өткізудің мақсаты - тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарлату, азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтық кеңесін шектеусіз ұсыну және туындаған мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету.

Акцияға қатысушылар заңды тұлғаларды тіркеу, зияткерлік меншікті қорғау, азаматтармен тегін заң көмегін алу мәселелері талқыланды. Қабылдауға келген тұрғындарға кең көлемде құқықтық кеңес беріліп, қойған сұрақтарына заң аясында толықтай жауап берілді.

0
0
176

‘Ардагерлерді ардақтайық’ ‘Бақытты отбасы’ партиялық жобалары аясында шара ұйымдастырылды.

‘Ардагерлерді ардақтайық’ ‘Бақытты отбасы’ партиялық жобалары аясында ‘Шипагер’ бастауыш партия ұйым мамандары Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңына орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлікпен, медициналық көмек көрсетті.

0
0
209

‘Кедергісіз келешек’ партиялық жобасы аясында шара ұйымдастырылды.

‘Кедергісіз келешек’ партиялық жобасы аясында ‘Қалжат’ бастауыш партия ұйымының мамандары мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпаттар табыс етілді.

0
0
190

‘Ардагерлерді ардақтайық’ партиялық жобасы аясында шара ұйымдастырылды.

‘Ардагерлерді ардақтайық’ партиялық жобасы аясында ‘Қалжат’ бастауыш партия ұйым мамандары ауған соғысының ардагері Супиев Бахитжан Махаметұлымен кездесу өткізіп, қал-жағдайын біліп қайтты.

0
0
205

Партиялық актив отырысы өткізілді.

Партиялық актив отырысы өткізілді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 16 наурызда ‘Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы’ атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Осы ретте аудандық кітапхана ғимаратында партия ардагерлерімен , партия белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды.

0
0
220

Қоғамдық қабылдау

Үстіміздегі жылдың 31 наурыз күні "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалымен бекітілген кестеге сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдадым. Қабылдауда маған Тасқала ауданы, Ақтау ауылынан А.Ержанова хабарласып, өзінің жалғыз басты ана екендігін, отбасылық киын жағдайға байланысты тұрғын үйін ішінара жөндеуге материалдық көмек беріп, жәрдемдесуімді сұрады. Азаматшаға, оның сұранысының назарға алынатындығын, үйінің жағдайын қарап, қажет болған жағдайда көмек берілетіндігін айтып және басқа да сұрақтары бойынша жалпы заң аясында құқықтарын түсіндірдім. Қажет болған жағдайда туындаған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданылатындығы туралы да ескертілді.

0
0
191

Қоғамдық қабылдау өтті.

2022 жылдың 30 наурызыңда "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ә.Қ.Ташимов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. #Amanat

0
0
187