Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Үстіміздегі жылдың 31 наурыз күні "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалымен бекітілген кестеге сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдадым. Қабылдауда маған Тасқала ауданы, Ақтау ауылынан А.Ержанова хабарласып, өзінің жалғыз басты ана екендігін, отбасылық киын жағдайға байланысты тұрғын үйін ішінара жөндеуге материалдық көмек беріп, жәрдемдесуімді сұрады. Азаматшаға, оның сұранысының назарға алынатындығын, үйінің жағдайын қарап, қажет болған жағдайда көмек берілетіндігін айтып және басқа да сұрақтары бойынша жалпы заң аясында құқықтарын түсіндірдім. Қажет болған жағдайда туындаған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданылатындығы туралы да ескертілді.

0
0
189

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz